Зеренді ауданы әкімінің ұсталуына қатысты жаңа деректер анықталды

22 Қаңтар, 16:18
0
Зеренді ауданы әкімінің ұсталуына қатысты жаңа деректер анықталды -

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімі 17 қаңтарда пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облыстық Ұлттықбюро департаменті Зеренді аудан әкімі мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. 

"Әкім ЖШС директорынан өзінің орынбасары арқылы үш миллион теңге пара алды деген күдікке ілікті. Бұл қаражатқа әкім 300 гектар жерді жалға алу туралы келісімшартты ұзартуды уәде еткен. Оқиға орны тінту барысында әкімнен екі миллион теңге тәркіленді, сонымен қатар, осыған дейін алған бір миллион теңге де табылды", - деді Бастарова. 

Аудан әкіміне қатысты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы шығарылды, ал оның орынбасарына қатысты бұлтартпау шарасы шығарылған жоқ. 

Тергеу жалғасады. 

Еске салайық, Ақмола облысындағы Зеренді ауданының әкімі мен оның орынбасары сыбайлас жемқорлық күдігіне ілігіп, ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының қызметкерлері аудан әкімі Мереке Мұстафинді және оның орынбасары Ықылас Мұқашевті 17 қаңтарда ұстады. 

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр екен. Басқа да мәліметтер тергеу құпиялылығына байланысты жарияланбайды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай