15 наурыз 2021 15:26

Зейнеткерді автобустан қуып шыққан кондуктор 10 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодарда зейнеткерді автобустан итеріп шығарып жіберген кондуктор ұсақ бұзақылық үшін жазаланады. Автопарк қызметкері егде жастағы жолаушымен төбелескені үшін он тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram-да жарияланған кондуктордың видеосын полиция қызметкерлері тексерді. Онда әйел бейәдеп сөздер айтып, зейнеткерді автобустан итеріп шығарып жібереді. 

"Кондукторға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Бұл баптың санкциясы бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлды немесе он тәулікке дейінгі қамау жазасын көздейді.

Еске салайық, болған жағдайға Павлодар әкімдігі кешірім сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети