Жезқазғанда екі полицейге 18 дана атыс қаруын ұрлады деген айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда екі полицейге 18 дана атыс қаруын ұрлады деген айып тағылды ©Ярослав Радловский

Жезқазғанда екі полицей қалалық ішкі істер басқармасынан 18 тапанша мен карабин ұрлады деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІБ қызметкерлерін екі ай мерзімге тұтқындау туралы санкция берген Жезқазған қалалық сотынан. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда екі полицей қалалық ішкі істер басқармасынан 18 тапанша мен карабин ұрлады деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІБ қызметкерлерін екі ай мерзімге тұтқындау туралы санкция берген Жезқазған қалалық сотынан. 

Тергеу Жезқазған ІІБ қызметкерлерінің 18 дана тапанша, карабин, шолақ мылтық пен көп оқ-дәрі ұрлағанын анықтады. "Сот тергеушінің айыпталушыларға "тұтқындау" бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішін қанағаттандыру керек деп есептейді, өйткені атыс қаруы мен оқ-дәріні сақтау, тасымалдау мен сатуға қатысты айыптау ауыр қылмыс саналады", - деді айыпталушы полицейлердің біріне қатысты сот қаулысын оқыған Жезқазған қалалық сотының судьясы Гүлсара Байгенжинова. Екінші айыпталушы да Жезқазған қалалық сотының қаулысымен қамауға алынды.

Сөйтіп, Жезқазған қалалық ішкі істер басқармасының лицензиялық-рұқсат беру жүйесі бөлімінің инспекторы мен тылдық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы қылмыстық іс тергелетін екі ай мерзімге тұтқынға алынды. Олар сот залынан Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаментінің тергеу изоляторына жөнелтілді.

Еске сала кетейік, Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі калибрі 9 миллиметр болатын төрт ұрыс тапаншасының жоғалғанын хабарлаған еді. "Тергеу барысында ішкі істер басқармасы лицензия-рұқсат беру жүйесі инспекторының тылдық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторымен бірге әртүрлі 113 дана ұрыс қаруын ұрлағаны анықталды, бұл қару-жарақты "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қауіпсіздік департаменті Қарағанды облыстық ішкі істер департаментіне жоюға берген", - делінген болатын таратылған хабарламада. 

Жезқазған ІІБ сейфінен табельдік қару-жарақтың ұрланғаны туралы ақпарат 29 қазан күні пайда болды. Жедел кезекші төрт тапаншаның ұрланғанын байқайды. "Қарағанды облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы табельдік тапаншалардың жоғалып кетуі дерегі бойынша тергеуалды тексеру жүргізді", - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети