Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Жезқазғанда табельдік қару ұрлаған полицейлер ұсталды

30 Қазан 2014, 13:33
0
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Жезқазғанда тәртіп сақшылары ішкі істер басқармасының сейфінен табельдік қару ұрлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін ревизия кезінде калибрі 9 миллиметр болатын төрт тапаншаның жоқ болып шыққаны хабарланған еді.

"Тергеу барысында ішкі істер басқармасы лицензия-рұқсат беру жүйесі инспекторының тылдық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторымен бірге әртүрлі 113 дана ұрыс қаруын ұрлағаны анықталды, бұл қару-жарақты "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қауіпсіздік департаменті Қарағанды облыстық ішкі істер департаментіне жоюға берген", - делінген таратылған хабарламада. Қазіргі уақытта табельдік қару-жарақ тәркіленді. Полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, олар қамауға алынды.

Еске сала кетейік, Жезқазған ІІБ сейфінен табельдік қару-жарақтың ұрланғаны туралы ақпарат кеше, 29 қазан күні пайда болды. Жедел кезекші төрт тапаншаның ұрланғанын байқайды. "Қарағанды облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы табельдік тапаншалардың жоғалып кетуі дерегі бойынша тергеуалды тексеру жүргізді", - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің өкілдері.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай