АҚШ елшісі Әсел Робертс словен тілінде сөйлеп көпшілікті тәнті етті

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Бейнеден алынған кадр

АҚШ-тың Словениядағы елшісі, тегі қазақ Әсел Робертс словен тілінде үндеу жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары оның талпынысын жоғары бағалап, дипломатқа қызу қолдау білдірді, деп хабарлайды Tengri Life.


АҚШ-тың Словениядағы елшісі, тегі қазақ Әсел Робертс словен тілінде үндеу жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары оның талпынысын жоғары бағалап, дипломатқа қызу қолдау білдірді, деп хабарлайды Tengri Life.

Неден басталды?

АҚШ-тың Словениядағы елшілігінің ресми парақшасы елші Әсел Робертстің словен тіліндегі бейнеүндеуін жариялады. Бейнежазбада дипломат бұл тілді наурыздан бері үйреніп жүргенін және елді, оның мәдениетін, салт-дәстүрі мен халқын тереңірек тану үшін оқуын жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Жарнама
Жарнама

"Мен үшін Америка Құрама Штаттарының Словениядағы өкілі болу үлкен мәртебе. Словен тілін наурыздан бері оқып жатырмын және адамдармен тілдесіп, осы тамаша елмен жақынырақ танысу үшін оқуымды жалғастыра беремін", - деп атап өтті ол.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде тез танымал болды.

Желі қолданушыларының реакциясы

Көптеген желі қолданушысы дипломаттың өзі қызмет ететін елдің тілінде сөйлеуге деген талпынысын ерекше атап өтіп, оған қолдау көрсетті.

"Тамаша дағды! Бәрекелді!", "Құрмет! Сізде өте жақсы шығып тұр", "Елші Робертске шын жүректен құттықтауларымызды жолдаймыз! Біз сізді мақтан тұтамыз, сәттілік!", "Словен тілі өте күрделі тіл. Ол жарайды екен", "Ғажап! Құттықтаймын, Әсел", - деп жазды желі қолданушылары.

Пікір қалдырушылар жаңа тілді үйренудің әрдайым қиын екенін жазып, Робертстің бастамасына демеу берді. Көбісі оған жаңа дипломатиялық қызметінде табыс тіледі.

Жаңа лауазымдағы алғашқы жұмыс күндері

Елшіліктегілер Робертс алғашқы жұмыс күнінде миссия қызметкерлерімен кездесіп, дипломатиялық өкілдіктің жұмысын қамтамасыз ететін адамдармен танысқанын хабарлады.

Сондай-ақ елші Словенияның таулы маршруттарынан бастап жергілікті асханасына дейін жақынырақ танысу жоспарларын бөлісті.

Ол өзі дәм татқысы келетін дәстүрлі тағамдарды - потица мен кремшнитаны ерекше атап өтті.

Сондай-ақ елшілік оның жаңа лауазымдағы алғашқы мәлімдемесін жариялады:

"Америка Құрама Штаттарының атынан осында, Словенияда болу мен үшін үлкен мәртебе. Өңірлік қауіпсіздікті нығайту, энергетикалық тұрақтылықты қолдау және экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін Словения басшыларымен және қауымдастықтарымен бірлесіп жұмыс істеуді асыға күтемін. Сондай-ақ алдағы жолда Словенияның табиғи сұлулығын, мәдениеті мен адамдарын танып-білуге, елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін елшіліктің тамаша ұжымымен бірге еңбек етуге қуаныштымын", - деді ол.

Әсел Робертс деген кім?

Әсел Робертс АҚШ Сенаты елші лауазымына бекіткен алғашқы этникалық қазақ ретінде тарихқа енді.

Тағайындау туралы 2026 жылғы 19 наурызда АҚШ сенаты Американың Словениядағы елшісі қызметіне оның кандидатурасын ресми түрде бекіткенде белгілі болды.

Бұған дейін Әсел Робертс АҚШ Мемлекеттік департаментінің Протокол басқармасында аға кеңесші қызметін атқарды. Сенаттың Халықаралық қатынастар комитетіне дайындалған материалдарға сәйкес, ол бұл құрылымда 20 жылға жуық жұмыс істеген.

Осы уақыт ішінде Робертс бірнеше континенттегі АҚШ-тың дипломатиялық миссияларымен өзара іс-қимылды үйлестірді, шетелдік мемлекеттердің өкілдерімен келіссөздерге қатысты және жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шараларды ұйымдастырумен айналысты.

Бұдан бөлек, ол АҚШ-тың бес президенттік әкімшілігімен жұмыс істеп, халықаралық саммиттер мен жоғары деңгейдегі кездесулерді дайындауға атсалысқан.

Енді желі қолданушылары Әсел Робертстің халықаралық қатынастардағы көпжылдық тәжірибесіне қоса, словен тілін де сенімді меңгеріп, тағы бір дипломатиялық дағдыға ие болғанын айтып, әзілдесіп жатыр.

TengriLife
Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама