NASA Байқоңырдан түсірілген кадрды үздік суреттердің бірі деп таныды

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Фото:depositphotos.com

Байқоңырдан ұшырылған "Союз" зымыранының суреті NASA нұсқасы бойынша жылдың үздік суреттері қатарына енді. Кадр агенттіктің арнайы сыйлығына ие болды. Tengri Life бұл суреттің қалай түсірілгенін және аталған миссияның несімен есте қалғанын баяндайды.


Байқоңырдан ұшырылған "Союз" зымыранының суреті NASA нұсқасы бойынша жылдың үздік суреттері қатарына енді. Кадр агенттіктің арнайы сыйлығына ие болды. Tengri Life бұл суреттің қалай түсірілгенін және аталған миссияның несімен есте қалғанын баяндайды.

Суретте не түсірілген?

NASA Instagram әлеуметтік желісінде "Союз" зымыранының 2025 жылғы сәуірде Байқоңырда түсірілген суретін жариялады. Онда ұшу алаңы мен зымыран ғылыми фантастикалық кадрға ұқсап қалған.

"Үш күннен кейін "Союз" NASA астронавты Джонни Ким мен екі космонавтты ХҒС бортындағы сегіз айлық миссиясын орындау үшін төменгі жер маңы орбитасына аттандырды", - делінген жарияланымда.

NASA мәліметінше, бұл фото агенттіктің "Жыл фотографы - 2025" атты арнайы сыйлығымен марапатталды.

Жарнама
Жарнама

Миссия туралы не белгілі?

NASA мәліметінше, 2025 жылғы 8 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-27" кемесі ұшырылды. Экипаж құрамына Роскосмос космонавтары Сергей Рыжиков пен Алексей Зубрицкий, сондай-ақ NASA астронавты Джонни Ким енді.

Олар ХҒС бортында сегіз айға жуық уақыт өткізіп, желтоқсанда Жерге аман-есен оралды. Ғарышта болған 245 күн ішінде экипаж Жерді 3920 рет айналып шығып, шамамен 167 миллион шақырым жолды еңсерген.

Экипаж ХҒС-та немен айналысты?

NASA мәліметінше, астронавт Джонни Ким сегіз айлық миссиясы кезінде болашақтың медициналық технологияларымен жұмыс істеген. Ол миссия барысында тамырларды биобасып шығаруды, медицинаға арналған наноматериалдарды және тіндерді қалпына келтіру технологияларын сынақтан өткізді. Сонымен қатар, Ким болашақта Айға және өзге де планеталарға жасалатын миссияларда қолданылуы мүмкін ғарыштық роботтандырылған жүйелерді сынауға қатысты.

Сонымен қатар, ресейлік космонавтар ашық ғарышта эксперименттер жүргізді. Солардың бірі салмақсыздық жағдайында кристалл өсіруге қатысты болды. БАҚ мәліметінше, мұндай материалдар күн батареялары мен жаңа буын электроникасын жасау үшін қажет болуы мүмкін.

TengriLife
Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама