Тибет аспанында алып қызыл спрайттар видеоға түсіп қалды

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

India Today

Тибет тұрғындары найзағай кезінде қызыл түсті алып жарық бағандарын көрді, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі India Today басылымына сілтеме жасап.


Тибет тұрғындары найзағай кезінде қызыл түсті алып жарық бағандарын көрді, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі India Today басылымына сілтеме жасап.

"Қызыл спрайттар" деген атпен белгілі бұл сирек құбылыс ғарышқа қарай созылған алып жарқыраған қармауыштарға ұқсап, табиғи құбылыстан гөрі ғылыми-фантастикалық фильмдегі көріністі еске түсірді", - делінген жарияланымда.

Басылымның жазуынша, бұлт ішінде немесе бұлт пен жер арасында болатын кәдімгі найзағайлардан айырмашылығы, қызыл спрайттар әлдеқайда жоғары деңгейде пайда болады және Жер бетінен 50-ден 90 шақырымға дейінгі биіктікке жетеді.

Жарнама
Жарнама

"Олар төмендегі қуатты найзағай разрядтары атмосфераның жоғарғы қабаттарында күшті электр өрістерін тудырған кезде пайда болады. Бұл өрістер азот молекулаларын қоздырып, олардың өзіне тән қызыл түспен жарқырауына себеп болады", - деп түсіндіреді басылым.

Қызыл спрайттарды алғаш рет 1989 жылы Миннесота университетінің ғалымдары кездейсоқ тіркеген болатын. Алайда ұшақ ұшқыштары XIX ғасырдың соңынан бастап-ақ найзағайлы бұлттардан жоғары қарай бағытталған оғаш тік найзағайлар туралы айтып келген.

TengriLife
Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама