WhatsApp достар мен жақындардың туған күнін еске салып отырады

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Фото:depositphotos.com/ dimarik

Енді жақын адамыңызды немесе туысыңызды туған күнімен құттықтауды ұмытып кету қиындай түседі. WhatsApp-та пайдаланушыларға контактілерінің туған күні туралы алдын ала ескертіп отыратын жаңа функция әзірленіп жатыр. Tengri Life оның қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді.


Ескертулер қай жерде пайда болады?

WABetaInfo порталының хабарлауынша, мессенджерде алдағы барлық мереке бір жерде көрсетілетін арнайы бөлім пайда болады.

Жарнама
Жарнама

WhatsApp пайдаланушылардан күндерді қолмен толтыруды талап етпейді. Жаңа функция смартфонның мекенжай кітапшасында сақталған туған күн туралы деректерді пайдаланады. Мереке күні келгенде WhatsApp тиісті хабарлама жібереді. Егер телефондағы контактілерде адамның туған күні көрсетілмесе, қолданбада ескерту де шықпайды.

Хабарламаларды өшіруге бола ма?

Ескертулерді өшіруге арналған бөлек баптау қарастырылмаған.

WhatsApp смартфон контактілеріндегі деректерді пайдаланатындықтан, мекенжай кітапшасынан нақты адамның туған күнін өшіріп тастау жеткілікті. Осыдан кейін оның мерекесі туралы хабарламалар келмейді.

Функция қашан қолжетімді болады?

Әзірге бұл жаңалық өңделу үстінде. Ол тіпті бета-тестілеу бағдарламасына қатысушыларда да пайда бола қойған жоқ.

Функция алдағы WhatsApp жаңартуларының бірімен бірге біртіндеп қолжетімді болады деп күтіледі.

Еске салайық, WhatsApp iOS қосымшасындағы топтық чаттар туралы ақпараттың жаңартылған беттерін біртіндеп енгізе бастады. Интерфейстің жаңа нұсқасы бета-тестілеуге қатысушыларға қолжетімді және ол бұған дейін мессенджердің Android нұсқасында пайда болған.

Тағы оқыңыз: Енді WhatsApp жаңа қосылғандарға телефон нөмірін көрсетпейді

Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама