Көкшетауда Қайрат Нұртастың концертінен кейін жағалау қоқысқа толды

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Бейнеден алынған кадр

Көкшетауда Металлургтер күніне орай өткен Қайрат Нұртастың концертінен кейін жағалауда шашылып қалған қоқыс тұрғындардың наразылығын туғызды, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.


"Біздің адамдарға не болған?" - деп сұрақ қояды әлеуметтік желілерде тараған видео авторы.

Бейнежазбадан бұқаралық іс-шара мен отшашудан кейін жерде бөтелкелер, құтылар мен өзге де қоқыстардың шашылып жатқанын көруге болады. Осыдан кейін желі қолданушылары "Көкшетаулықтар мәдениетті демала біле ме?" деген сауал көтерді.

Жарнама
Жарнама

Көкшетауда Металлургтер күні 18 шілдеде аталып өтті. Негізгі мерекелік іс-шара "Болашақ сарайына" қарама-қарсы орналасқан жаңа жағалауда ұйымдастырылды.

Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концертте танымал әнші Қайрат Нұртас өнер көрсетті. Мерекелік бағдарлама соңы отшашумен аяқталды.

Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама