Астана тұрғындарына терек мамығының қаупі туралы ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғындарына терек мамығының қаупі туралы ескертілді Фото:depositphotos.com

Астананы терек мамығы басты. Елорда тұрғындары әлеуметтік желілерде көзге, мұрынға және киімге жабысатын "жазғы қарға" жаппай шағымданып жатыр. Бұл ретте ТЖД мамық жайсыздық тудырып қана қоймай, ірі өрттердің шығуына себеп болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Tengri Life.


Астананы терек мамығы басты. Елорда тұрғындары әлеуметтік желілерде көзге, мұрынға және киімге жабысатын "жазғы қарға" жаппай шағымданып жатыр. Бұл ретте ТЖД мамық жайсыздық тудырып қана қоймай, ірі өрттердің шығуына себеп болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Tengri Life.

Қала тұрғындары не дейді?

Демалыс күндері Астана тұрғындары әлеуметтік желілерде терек мамығы басқан көшелердің видеосы мен суреттерін жариялай бастады. Елордалықтардың айтуынша, сыртта жүру қиындаған: мамық бетке ұшып, киімге жабысады, айтарлықтай қолайсыздық тудырады.

"Терек ауаны шаң мен шығарынды газдардан тазартатынын, ылғалды сақтап, желден қорғайтынын түсінемін. Бірақ бұл мамық өте ыңғайсыз. Бастапқыда "аналық" ағаштарды аз отырғызу керек еді. Көшеде жүру мүмкін емес: бүкіл киім мамық, мұрын мен көзге кіреді", - деп жазды қала тұрғындарының бірі.

Кейбір тұрғындар әсіресе аллергиясы бар жандарға қиын соғып жатқанын айтып шағымданды.

"Астаналықтар, терек мамығының дәмі қалай екен? Бүгін ол барлық жерде - мұрында да, ауызда да жүр. Елордада неге сонша көп терек бар? Олардың пайдасы бар ма өзі?", "Мамық апокалипсисі басталды. Астанада әр жаз сайын аптап ыстықта "қар" жаудыратын ағаштарды отырғызуды кім ойлап тапты? Бұл мамық қазір барлық жерде: мұрында, көзде, шашта, тамақта және киімде. Қалада жұрт ауамен емес, терек мамығымен тыныстап жатқандай. Аллергиясы барлар туралы айтпай-ақ қояйын - олар үшін бұл жаз емес, кәдімгі тірі қалу маусымы", - деп бөлісті желі қолданушылары.

Скриншот: Threads

ТЖД не дейді?

Астана ТЖД терек мамығының тез тұтанғыш екенін ескертті.

"Терек мамығы өте тез тұтанғыш және үлкен аумақтарды қамтып жоғары жылдамдықпен жанады", - деді ТЖД өкілдері.

Құтқарушылар тұрғындардан мамықты өртемеуін және балалардың аулада отпен ойнауына жол бермеуін сұрады.

ТЖД мынадай кеңес береді:

  • терек мамығын өзіңіз өртемеңіз;
  • балалардың оны өртеп ойнауына жол бермеңіз;
  • сіріңке мен оттықты қолжетімді жерде қалдырмаңыз;
  • мамық жиналған жерге су төгіңіз;
  • мамықты үйден, көліктен және құрылыстардан аулақ алып тастаңыз.

Құтқарушылардың айтуынша, мамықтың әсіресе тұрақтардың, қоқыс алаңдары мен құрғақ шөптер маңында жиналуы қауіпті, себебі мұндай жерлерде от тез таралуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" мамандары 18 мамырда Астанада ауа райы қандай болатынын айтты.

Tengrinews