Бөліп төлеуге алынған гүлдер және “понт“. Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңырау қызу пікірталас тудырды

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Бейнеден алынған кадрлар

25 мамырда Қазақстандағы мектептерде дәстүрлі соңғы қоңырау соғылды. Биыл 215 мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы мектеппен қоштасса, 364 мыңнан астам оқушы тоғызыншы сыныпты тәмамдады. Алайда әлеуметтік желілерде түлектер вальсі мен мектептегі салтанатты жиыннан гөрі, мерекені қызу пікірталасқа айналдырған күтпеген тренд көбірек талқыланып жатыр, деп хабарлайды Tengri Life.


25 мамырда Қазақстандағы мектептерде дәстүрлі соңғы қоңырау соғылды. Биыл 215 мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы мектеппен қоштасса, 364 мыңнан астам оқушы тоғызыншы сыныпты тәмамдады. Алайда әлеуметтік желілерде түлектер вальсі мен мектептегі салтанатты жиыннан гөрі, мерекені қызу пікірталасқа айналдырған күтпеген тренд көбірек талқыланып жатыр, деп хабарлайды Tengri Life.

Егер бұрын бұл күні Қазнет жол ережесін бұзып, шулаған түлектер кортежінің видеоларына толатын болса, 2026 жылы барлық назар алып гүл шоқтарына ауды. Мектеп бітіруші қыздарға мүмкіндігінше ең үлкен гүл композицияларын сыйлауға деген ұмтылыс нағыз бәсекеге айналды. Желі қолданушылары бұл құбылысты "понт жәрмеңкесі" деп атап үлгерді.

Бөліп төлеуге алынған гүл мен ата-ана көз жасы

Көптеген отбасы үшін жаңа трендке ілесу ауыр қаржылық сынаққа айналды. Түлектердің бірі әлеуметтік желіде өз оқиғасын бөлісті.

Жарнама
Жарнама

"Ата-анам жалақыдан жалақыға дейін күн көреді. Мен оларды жақсы түсінемін және жақсы көремін, өйткені олар біз үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысады. Маған ата-анам 5 дана қызыл раушан сыйлады. Оған да өте қатты қуандым, бірақ олар алып гүл шоқтарын ұстаған басқа балаларды көргенде, өздерін ұстай алмай, көздеріне жас алды. Құрбыларыма 55, 101 және одан да көп гүл сыйлап жатқанда, маған небәрі 5 тал гүл әкелгендеріне ұялғандай болды. Үйге келгенде анам әкеме "жақсырақ гүл шоғын алу керек еді, тым болмаса бөліп төлеуге болса да" деді", - деп жазды қыз.

Скриншот: Threads

Мұндай оқиғалар осындай сыйлық беретіндерге қатысты сын тудырды. Пікір жазушылар құны 120 000 теңгеден асатын алып гүл шоқтары мектеп бітіру кешінің міндетті атрибутына айналғанын айтып, наразылық білдіріп жатыр.

@rr_flowers 10001 Rose » #выпускной #рек #2026 ♬ түпнұсқа дыбыс - nyuxvl

Кейбір пабликте тіпті жекелеген мектептерде "мерекенің жалпы вайбын бұзбау" үшін сыныптас ұлдарға осындай гүлдерді сатып алу міндеттелгені айтылады. Ата-анасы есебінен мұндай талаптарды орындай алмағандар немесе қаламағандар ашық түрде айыпталған.

Бұл ретте басқа түлектер өз сыйлықтарын қорғап, пікір қалдырушыларды өзгенің ақшасын санамауға шақырды.

"Артқы фондағы алып гүлдерді құрбым мен досым сыйлады. Ал қолымдағы әжем, ата-анам, достарым мен туыстарымның гүлдері! Олар өз еркімен келді. Өзім ерте жастан жұмыс істеймін. Бүкіл отбасымды асырап отырмын. Мектепті де қызыл аттестатпен бітірдім! Жақындарымның бұған жағдайы жетеді!" - деп жауап берді сынға түлектердің бірі.

Ондаған мың теңгенің гүлдері мен "понт" туралы пікірталас

Гүл композицияларының бағасына тоқталсақ: кейбір желі қолданушылары үлкен гүл шоқтары 60–120 мың теңге және одан да қымбатқа түсуі мүмкін екенін атап өтті.

"Алып гүл шоқтарына 120 000 теңге және одан да көп - түлектердің бақыты қанша тұрады?" - деп сұрақ қойды танымал посттардың авторлары.

Қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Бірі мектеп оқушылары үшін соңғы қоңырау өмірде бір-ақ рет болатын маңызды күн екенін алға тартса, енді бірі бұл көріністі талғамсыздық деп бағалады.

"Бұл тым асыра сілтеу: көзбояушылық үшін жасалған алып гүл шоқтары. Кейін "басқаларға әсер қалдыру" үшін өмір сүру әдетінен несие, қарыз бен мәңгі понт қуу пайда болады", "Неге бәрі балаларға шүйлікті? Оларда бүгін соңғы қоңырау. Бір рет үлкен гүл шоқтарын берген екен, неге көңіл-күйін бұзасыздар?", "Олар өздерін бақытты сезінді, біреулер алғаш рет гүл шоғын алды", - деп жазды желідегілер.

Скриншот: Threads

Кейбір қолданушылар кейінгі жылдары мектеп бітіру кештерінің қалай өзгергенін талқылады. Көбі қазіргі трендтерді өздерінің мектеп кезімен салыстырды.

"Біз осыдан 15 жыл бұрын кімнің ҰБТ балы жоғары болатынына, кім грантқа түсетініне бәсекелесетін едік. Одан да осы жағынан жарысса жақсы болар еді", - деп атап өтті пікір білдірушілердің бірі.

@070muhtaruly кімнің Көкесі мықты екенін білетін күн бе? #актау #жанаозен #25май ♬ түпнұсқа дыбыс - ssb

Басқалары бұрын гүлдерді ең алдымен мұғалімдерге сыйлайтынын еске алды.

"Меніңше, 25 мамырда гүлді мұғалімдерге сыйлау керек. Біз оқығанда дәл солай болатын", - деп өз пікірін бөлісті желі қолданушысы.

@980ahi

♬ түпнұсқа дыбыс - WOWBUKET | ЦВЕТЫ ШЫМКЕНТ

Гүлдерді қайта сату

Әлеуметтік желілерде гүл шоқтарының бағасы ғана емес, сыртқы күйі де талқыланды. Қолданушылар түлектердің есімі мен күн жазылған, алып қораптардағы композицияларды "гүл базарына", тіпті "жерлеу гүлдестелеріне" ұқсатып әзілдеді.

"Бұл гүлдерді қатар-қатар қойғанда оғаш көрінеді екен", - деп пікір қалдырды қолданушылар.

@alizhann.nn

501 🌹

♬ Love x Omar Duro Remix - omar duro

Қызығы, келесі күні-ақ, 26 мамырда танымал хабарландыру сайттарында кешегі түлектердің алып гүл шоқтарын солып қалмай тұрып қайта сатпақшы болған хабарландырулары қаптады.

Фото: әлеуметтік желілерден

Желі қолданушылары гүлдерді "Instagram-ға суретке түсу үшін" сатып алып, артынан сатылымға шығарғандарды келемеждеді.

"Ойбай-ау, басында гүл талап етіп еді, енді кім бірінші сатады деп жарысып жатыр", - деп әзілдеді пікір қалдырушылардың бірі.

Гүлден бас тарту

Осы пікірталас аясында көп адам кейбір мектептерде мұндай жарыстың мүлдем болмағанын айтты.

"Фотосессия, жиын, вальс - ешқандай үлкен гүл шоқтары болған жоқ", - деп жазды ата-аналар.

Сондай-ақ Алматының Бостандық ауданы түлектерінің оқиғасы да көптің назарын аударды. Олар қымбат кеш пен кортежден бас тартып, оның орнына қайырымдылық акциясын ұйымдастырған.

Аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған "Жан әлемі" оңалту үйіне, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына, № 2 мамандандырылған балалар үйіне, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған көпбалалы отбасына көмек көрсетті.

Түлектер ойыншықтар, кеңсе тауарларын, азық-түлік пен теледидар табыс етті.

Желі қолданушыларының көбі бұл бастаманы мектеп бітіру кешін басқаша атап өтудің үлгісі ретінде бағалады.

Сонымен қатар желі қолданушылары Оқу-ағарту министрлігіне "гүл жарысына" назар аударып, бұл мәселені реттеуді ұсынды. Біз пікір алу үшін ведомствоның баспасөз қызметіне хабарластық, бірақ жарияланым шыққан сәтте жауап келмеді.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ведомство мектеп бітіру кештерін өткізу ережесін қайта қарауы мүмкін екенін айтқан болатын. Атап айтқанда, оның сөзінше, мұғалімдерге гүл сыйлауға ресми түрде рұқсат беретін норманы енгізу туралы ойлануға болады.

Жұлдыз Сүлейменова бұған дейін белгілі бір норматив белгілеу туралы ұсыныс айтылғанын еске салып, бұл мәселені "қарастыруға болатынын" жеткізді. Шенеуніктің айтуынша, егер қандай да бір жеңілдік қарастырылатын болса, ол тек гүлге қатысты болуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда мектеп оқушыларының саны бойынша рекорд тіркелді

TengriLife
Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама