Бүкіл әлем қазақстандық жеңіл атлетке ессіз ғашық болды

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Фото: instagram.com/hay_nyash

Қазақстандық жеңіл атлет Жасмин Бегалинова өзі де күтпеген болса керек, X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінің жаңа жұлдызына айналды. Оның суреттері желіде кең таралып, бүкіл әлем бойынша жеті миллионнан астам қаралым жинады. Шетелдіктер қыздың сырт келбетіне жаппай таңданып, оны культтік видео ойын кейіпкерлеріне теңеп жатыр, кейбірі тіпті әзілдеп ол үшін Қазақстанға көшіп келуге дайын екенін айтады, деп хабарлайды Tengri Life.


Қазақстандық жеңіл атлет Жасмин Бегалинова өзі де күтпеген болса керек, X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінің жаңа жұлдызына айналды. Оның суреттері желіде кең таралып, бүкіл әлем бойынша жеті миллионнан астам қаралым жинады. Шетелдіктер қыздың сырт келбетіне жаппай таңданып, оны культтік видео ойын кейіпкерлеріне теңеп жатыр, кейбірі тіпті әзілдеп ол үшін Қазақстанға көшіп келуге дайын екенін айтады, деп хабарлайды Tengri Life.

Бұл неден басталды?

Бәрі ағылшын тілді блогерлер жазбасынан басталды. Желі қолданушыларының бірі қыздың суретін жариялап, спортшыға жақын болу үшін өзінің француз төлқұжатын тапсыруға дайын екенін мәлімдеген.

Жарнама
Жарнама

"Қазақстандық болу үшін Франция азаматтығынан бас тартамын: себебін түсіндіремін", - делінген жазба сипаттамасында.

Тағы бір қолданушы Жасминнің ерекше шаш үлгісіне назар аударған.

"Final Fantasy X стиліндегі мұндай еуропоп шаш үлгілерін Батыста қазір жасай алмайды. Олдскул технологиялар біржола жоғалды", - деп жазды желі қолданушысы.

Суреттердің астындағы пікірлерде қызды "әлемдегі ең сұлу адам" деп атап, тыңшылық видео ойындардың канондық кейіпкері Джоанна Даркпен салыстырып жатыр.

"Егер осындай қызды өміріңде бір рет болсын жолықтырсаң, бұл сенің тағдырыңды өзгертеді", - деп жазды қолданушылардың бірі.

Спортшы туралы не белгілі?

Біз Жасмин Бегалиновамен байланысып, оның кенеттен келген танымалдылыққа қалай қарайтынын білдік. Қыз 18 жаста, Өскеменде тұрады, колледжде жаттықтырушы мамандығы бойынша білім алып жатыр. Болашағын тек спортпен байланыстыруды жоспарлап отыр.

"Мен болашағымды спортпен байланыстырамын және бұл салада спортшы ретінде ғана емес, маман ретінде де дамуды жоспарлап отырмын", - деп атап өтті спортшы.

Жасмин жеңіл атлетикаға небәрі үш жыл бұрын келген, бірақ қазірдің өзінде ұзындыққа секіруден спорт шеберіне кандидат нормативін орындап үлгерген. Оған дейін қыз жеті жылын кәсіби баскетболға арнаған.

Қазір бүкіл әлем талқылап жатқан сол суреттер жақында Шымкентте өткен Қазақстанның жастар чемпионатында (U23) түсірілген.

"Мен үшін ең маңызды оқиға Шымкенттегі кейінгі жарыс болды деп ойлаймын, онда мен үшінші орын иелендім. Бұл Қазақстан чемпионаты болатын. Бұған дейін ел чемпионатында ылғи төртінші орын алатынмын. Неге екені белгісіз, осы орын мені барлық жарыста өкшелеп жүретін. Алайда бұл жолы қола жүлдеге қол жеткіздім. Мен үшін тек өз жас санатымда емес, өзімнен едәуір үлкен қыздар арасында өнер көрсетуім ерекше құнды болды", - деп бөлісті ол.

Әлеуметтік желідегі танымалдылығы туралы Жасмин кеше ғана біліп, әлі де таңданысын жасыра алар емес.

"Бұл суреттер соншалықты назар аудартады деп ойламадым, өйткені мен үшін олар қарапайым кадрлар еді. Оларда ерекше ештеңе жоқ сияқты көрінгендіктен, мұндай реакцияны мүлдем күтпедім. Дегенмен, көптеген адам олардан қызықты әрі тартымды дүние көрген сияқты", - деді ол.

Айта кетейік, небәрі бірнеше сағат ішінде қыздың парақшасына 7 мыңнан астам адам жазылған.

Скриншот: Instagram

Спортшы X желісінде де аккаунт ашты, ол бір тәулікке жетпейтін уақыт ішінде 30 мыңнан астам оқырман жинады.

Скриншот: X

Кенеттен келген танымалдылыққа қарамастан, спортшы блогингке кетуді жоспарлап отырған жоқ. Қазір оның басты мақсаты - спорт шебері нормативін орындап, халықаралық жарыстарға жолдама алу.

"Әр жаттығуға келгенде, бір күні Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп, елімнің намысын қорғайтынымды елестетемін. Бұл арман маған еңбек етуге, қиындықтарды жеңуге және үнемі кемелденуге мотивация береді. Бірақ қазіргі уақытта басты мақсат - спорт шебері атану. Дәл осы қадам алдағы жетістіктерге барар жолдағы маңызды кезең болмақ", - деп атап өтті спортшы.

Дегенмен, спорт өыздың жалғыз әуестігі емес. Ол бос уақытында гитарада ойнайды, музыка тыңдайды және киім тігеді.

"Спорттан бөлек, мені сән және дизайн әлемі қызықтырады. Болашақта дизайнер болғым келеді, өйткені маған түрлі образ жасап, адамдарға өз стилін табуға көмектескен ұнайды. Бос уақытымда киім тігумен айналысамын және заттардың сыртқы көрінісімен тәжірибе жасағанды жақсы көремін. Маған әсіресе ерекше стиль жақын: қазіргі әлемде өз даралығыңды көрсете білу және ерекшеленуден қорықпау маңызды", - деді Жасмин.

Айта кетейік, бұл оқиға 2014 жылғы феноменді айнытпай қайталап тұр. Сол кезде қазақстандық спортшы Сабина Алтынбекова Тайпейде өткен Азия чемпионатынан кейін бірден қытайлық жанкүйерлер мен интернет қолданушылары арасында жұлдызға айналған болатын.

TengriLife
Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама