Жаңа Иманбек пе? Желідегі әлемдік хиттің авторы көкшетаулық жігіт болып шықты

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

depositphotos.com

Бүгінде әлем бойынша миллиондаған бейнероликте шырқалып жүрген вирустық тректің авторы Көкшетаудың қарапайым жігіті болып шықты, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.


Бүгінде әлем бойынша миллиондаған бейнероликте шырқалып жүрген вирустық тректің авторы Көкшетаудың қарапайым жігіті болып шықты, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

Бразилиялық фонк стилінде жазылған қазақстандықтың музыкасы Spotify-да бес миллионнан астам тыңдалым жинады, ал осы трек пайдаланылған видеолар TikTok, Instagram және әлемдегі басқа да әлеуметтік желілерде миллиондаған қаралым жинап жатыр.

Өңірлік басылым журналистері музыкантқа сұхбат беруді ұсынған, бірақ ол көпшілік алдына шығуды ұнатпайтынын және тасада қалуды жөн көретінін айтып, бас тартқан.

Жарнама
Жарнама

"Өкінішке қарай, сұхбаттасу сәті түспеді. Бірақ бүкіл әлем оның әуеніне билеп жатқанда, оның авторы Көкшетаудың қарапайым жігіті екенін мақтан тұтуға бұл кедергі емес", - деп жазады басылым.

TengriLife
Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама