"Қайрат" футбол клубы 14 тамызда Алматының Орталық стадионында америкалық рэпер Канье Уэстің (Ye) концерті өтетіні туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Клуб бұл күн аренада үй матчтерін өткізетін командамен келісілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Life.
Клуб не дейді?
"Қайрат" ресми мәлімдемесінде мәлімдемеде концерт туралы ақпараттың жария кеңістікте клубпен алдын ала келісілмей пайда болғанын хабарлады.
"Қайрат" ФК шара жоспарланған күні клубпен келісілмегенін ресми түрде мәлімдейді. Себебі дәл осы стадионда "Қайрат" өз алаңындағы матчін өткізеді және қазір еурокубок матчтерін өткізуге тиіс", - делінген хабарламада.
Клуб тамыз айында команданың Орталық стадионда бірнеше маңызды матч өткізуі тиіс екенін еске салды.
"Қазақстан Премьер-лигасының күнтізбесіне сәйкес, 8 және 15 тамызда "Қайрат"ФК Орталық стадионда Қазақстан чемпионатының үй матчтарын өткізуі керек. Сонымен қатар 11-13 тамыз аралығында стадионда клубтың еурокубок аясындағы үй матчі өтуі мүмкін", - деп атап өтілген мәлімдемеде.
Неліктен сауалдар туындады?
Клубтың пікірінше, мұндай ауқымдағы концерттің өтуі стадионның ресми матчтерге дайындығына әсер етуі мүмкін.
"Қайрат" өкілдері сахнаны құру және бөлшектеу, сондай-ақ техникалық жабдықтарды орнату уақытты талап ететінін және арена инфрақұрылымы мен футбол алаңына қосымша салмақ салатынын атап өтті.
"Мұндай ауқымдағы концертті өткізу сахна мен техникалық жабдықтарды ұзақ уақыт бойы құруды және бөлшектеуді, сондай-ақ футбол алаңы мен стадион инфрақұрылымына айтарлықтай салмақ түсіреді. Тығыз спорттық күнтізбе жағдайында бұл шөп жабынының сапасына, аренаның дайындығына және ресми матчтерді белгіленген талаптарға сай өткізу мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін", - деп мәлімдеді клубтағылар.
Осыған байланысты клуб Орталық стадиондағы кез келген бұқаралық іс-шара тек барлық мүдделі тараппен келісілгеннен кейін және бекітілген футбол күнтізбесін ескере отырып өткізілуі тиіс екенін баса айтты.
"Тиісті келісімдер аяқталғанға дейін клуб Орталық стадионды 14 тамыздағы концерттің орны ретінде жариялауды мерзімінен бұрын деп санайды", - делінген хабарламада.
Концерт туралы не белгілі?
Бұған дейін америкалық рэпер Канье Уэсттің 2026 жылдың 14 тамызында Алматыда өнер көрсетуді жоспарлап отырғаны белгілі болған еді. Ақпарат алдымен әртістің фан-парақшаларының бірінде пайда болды, онда билеттер сатылымы 20 шілдеде басталуы тиіс екені де айтылған.
Кейінірек концерт туралы мәліметті Алматы әкімдігі растады. Сонымен қатар осындай анонсты өз парақшасында кәсіпкер, Karre Ventures және ML1 Records негізін қалаушы Джозеф Карре де жариялады.
Дегенмен, жарияланым шыққан сәтте Алматыдағы концерт әлі де әртістің мамандандырылған сайтында жарияланған тур кестесінде жоқ.
Егер концерт өтсе, ол Ye әлемдік турындағы бір бөлігі болуы мүмкін. Осы тур аясында әртіс 2026 жылы Мексикада өнер көрсетіп, Еуропадағы бірқатар ірі стадиондық концертін жариялаған болатын.
Айта кетейік, Алматының Орталық стадионында ірі концерт өткізу мәселесі алғаш рет туындап отырған жоқ.
Былтыр мамырда Дженнифер Лопестің Up All Night әлемдік туры аясындағы концерті жарияланғаннан кейін де "Қайрат" ФК ресми мәлімдеме жасаған болатын. Ол кезде клуб концерттің белгіленген күні - 10 тамыз - келісілмегенін, себебі бұл кезеңге Қазақстан чемпионатының үй матчі мен еурокубок ойындары жоспарланғанын хабарлаған.
Кейінірек концерт ұйымдастырушылары, "Қайрат" футбол клубының басшылығы және Алматының спорт ғимараттары дирекциясы ортақ мәмілеге келе алды. Тараптар Қазақстан Премьер-лигасының "Қайрат" - "Жеңіс" матчін 21 қыркүйекке ауыстыруға келісті, бұл Дженнифер Лопес концертінің бастапқы күнін - 10 тамызды сақтап қалуға мүмкіндік берді. Ол кезде ұйымдастырушылар клуб пен спорттық ұйымдарға сындарлы диалог үшін алғыс айтып, бұл шешім футбол жанкүйерлерінің де, концерт көрермендерінің де мүддесін ескеруге мүмкіндік бергенін атап өткен еді.
Пікірлерді оқу