Павлодар облысында аспандағы ерекше құбылыс видеоға түсірілді

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның мемлекеттік туына ұқсайтын аспандағы көріністің бейнежазбасы тарады. Ролик миллиондаған қаралым мен жүз мыңдаған лүпіл жинап үлгерді, деп хабарлайды Tengri Life.


Әлеуметтік желілерде Қазақстанның мемлекеттік туына ұқсайтын аспандағы көріністің бейнежазбасы тарады. Ролик миллиондаған қаралым мен жүз мыңдаған лүпіл жинап үлгерді, деп хабарлайды Tengri Life.

Не болды?

Ерекше табиғи құбылысты Павлодар облысы Майқайың ауылының Мұнара есімді тұрғыны түсіріп алған. 20 мамырда ол бұлттардың пішіні мен күн сәулесінің үйлесімінен таныс бейнені байқаған.

"Міне, қараңыздар: аспанда Қазақстанның туы тұр! Міне, бүркіт, міне біздің күн. Бүгін аспанда еліміздің туы тұр", - делінген видеода.

@manarasoldier2

♬ түпнұсқа дыбыс - Kazakhstan 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿

Видео 1,3 миллионнан аса қаралым мен 150 мыңға жуық лүпіл жинады. Желі қолданушылары пікір жазбаларында өздері түсірген суреттерді бөлісті.

Жарнама
Жарнама

"Бұл кездейсоқ емес. Гүлдене бер, Қазақстаным! Елімізде тыныштық болып, халқымыз аман-есен болсын", "Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын! Алға, Қазақстан!", "Еліміз өркендей береді", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Айта кетейік, Өскемен тұрғыны да осыған ұқсас кадрды бөлісті. Ол күннің Қазақстан туына ұқсап батқан сәтін түсіріп алған.

Фото: Threads/@malinka_2705

Еске сала кетейік, жақында бүкіл әлемнен жиналған Reddit қолданушылары Flags of the World онлайн-турнирінде ең әдемі туды таңдаған болатын. Финалда Қазақстанның көгілдір туы Океаниядағы Кирибати мемлекетінің туынан басым түсті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның мемлекеттік туын қайда және қашан қолданған жөн? Президент түсіндірді

TengriLife
Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама