16 тамыз 2021 | 13:16

Александр Винокуров "Астанадағы" қызметіне оралады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram.com/alexandrvinokurov

Александр Винокуров "Астана" велокомандасының спорт жетекшісі қызметіне оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Александр Винокуров "Астана" велокомандасының спорт жетекшісі қызметіне оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Astana - Premier Tech сайтындағы мәліметке сүйенсек, команда 2022 жылғы маусымда өнер көрсетуін жалғастырады.

"Қазақстандық серіктестер келесі маусымда жобаны акционер және демеуші ретінде жалғастыратындарын растады. Александр Винокуров 2022 жылы команданың спорт жетекшісі ретінде міндеттерін өз мойнына алады және велошабандоздар мен персоналды, сондай-ақ жобаның спорттық қызметін үйлестіру функцияларын өзіне алады", - делінген ресми хабарламада.

Реклама
Реклама

Велокоманда әлемдік велоспорттағы жоғарғы лиганың 17-маусымына дайындалып жатыр. Сайт мәліметі бойынша, жақын арада келісімшарттар ұзартылып, жаңа шабандоздар келісімге қол қоюы мүмкін.

Сурет: astanapremiertech.com

Айта кетейік, бұған дейін 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Astana-Premier Tech велокомандасының спорт жетекшісі қызметінен кететіні хабарланған болатын. Кейін Александр Винокуровтың өзі "Тур де Франс" қарсаңында қызметінен шеттетілгеніне таңғалғанын айтып, пікір білдірді.

Астана - Premier Tech ("Астана") - велоспорттан қазақстандық кәсіби команда, 2007 жылы құрылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная