"Астана" велокомандасының спортшысы Алексей Луценко "Алматы туры" бейгесінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Астана" велокомандасының спортшысы Алексей Луценко "Алматы туры" бейгесінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Алматы туры" велобәйгесіне қатысушылар бәйгені бүгін сағат 11.00-де "Нұрлы тау" бизнес орталығынан бастады. Жалпы "Алматы туры" жарысында велоспортшылары 31 шақырымнан тұратын алты айналымды басып өтті. Бәйге барысында Қазақстан құрамасының спортшысы Дмитрий Груздев ресейлік RusVelo командасының өкілі Ильнур Закаринмен бірге бірнеше шақырым бойы көш бастап келген еді. Алайда жарыстың бел ортасын келгенде бұл екі спортшыларды жалпы топ (пелатон) қуып жетіп, артта тастады.
Кейіннен жартыстың жарты жолы қалғанда он адамнан құралған топ жеке дара алға шығып кетті. Бұл топтың қатарында "Тур де Франс-2014" көпкүндігінің жеңімпазы Винченцо Нибали және Алексей Луценко мен өзге де "Астана" клубының спортшылары болған еді. Бірақ, соңғы айналымның алғашқы шақырымдарында-ақ Алексей Луценко мен ресейлік Katusha командасының спортшы қарсыластарын артқа тастап, "Алматы турының" жеңімпазы деген атаққа екеуі таласты. Нәтижесінде мәреге санаулы метр қалғанда отандасымыз қарсыласынан озып, бірінші орын алды.
Айта кетейік, "Алматы туры" веложарысы осымен екінші рет өтті. Өткен жылы бұл бәсекеде Максим Иглинский шамасына шаң жұқтырмай, бірінші орын алған еді. Биыл Халықаралық велоспорт федерациясы бұл бәсекенің дейін 1.1-ге көтерді. Сондықтан да биыл Алматыға Astana Pro Team, Katusha, Giant-Shimano, Movistar, Omega Pharma - Quick-Step секілді әлемге танымалы ұжымдармен Bardiane Valvole, CCC Polsat и Synergy Baku Cycling Project сынды жарысқа былтыр да қатысқан командалар келді.