28 наурыз 2022 09:16

Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық шабандоз Евгений Федоров велоспорттан Азия чемпионатында алтын жеңіп алды. Ол ерлер арасындағы жеке сайыста үздік нәтиже көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстандық шабандоз Евгений Федоров велоспорттан Азия чемпионатында алтын жеңіп алды. Ол ерлер арасындағы жеке сайыста үздік нәтиже көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Федоров 24 шақырымды 28 минут 45.197 секундта жүріп өтті. Екінші орында жапондық Нариюка Масуда (+51.548), ал үшінші орында өзбек шабандозы Муражан Халмуратов (+1:13.094) иеленді.

"Біздің құрама үшін тамаша күн! Біріншіден, Евгений Федоров ерлер арасындағы жарыста Қазақстан қоржынына тағы бір медаль салды. Әрине, өзіміз күткендей нәтиже болды. Өйткені Қазақстан ұзақ жылдан бері Азиядағы велоспорт көшбасшысы. Бұл жеңістен кейін батыл түрде мақтануға болады.

Евгений - талантты жас спортшы. Сонымен қатар, бүгін қыздар арасындағы алтын медаль да ерекше қуантты! Рината Сұлтанова - тарихта тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионы атағын жеңіп алған алғашқы қазақстандық шабандоз! Қазақстанда әйелдерге арналған велоспорт қарқынды дамып келеді және бұл қуантарлық жайт! Азия чемпионатында ел намысын қорғаған спортшыларымызды құттықтаймын және өнер көрсететіндерге сәттілік тілеймін!" - деді ҚВФ президенті Нұрлан Смағұлов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети