Instagram фото мен видеоны қолданушы жүктеген форматта жариялауға рұқсат берді

28 Тамыз 2015, 08:30
0
Instagram фото мен видеоны қолданушы жүктеген форматта жариялауға рұқсат берді - © Instagram
© Instagram

Instagram әлеуметтік желісі қолданушыларға видео мен суреттерді портретті және альбомды форматтарда салуға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның ресми блогына сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұған дейін қолданушылар тек шаршы пішіндегі суреттерді ғана сала алатын. Әлеуметтік желіге жүктелетін әрбір бесінші роликтің немесе сурет алғашында шаршы пішінді болмайтынына орай Instagram желісінің 7.5 нұсқасында қосымша форматтағы суреттерді енгізуге рұқсат берілді. "Енді кадрға барлық досыңыз сыяды, видеоны да дұрыс форматта көре аласыздар", - деп жазылған хабарламада.

Instagram желісіндегі профильде суреттер бұрынғыша квадрат болады, дегенмен олар лентада қолданушы жүктеген форматта көрсетіледі.

Сонымен қатар, Instagram-ның жаңартылған нұсқасында видеоға арналған сүзгінің интенсивтілігін реттеу мүмкіндігі қарастырылған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай