Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

KazSat-3 спутнигі пайдалануға берілді

30 Желтоқсан 2014, 17:53
0
©news.mail.ru
©news.mail.ru

Қазақстанның үшінші спутнигі - KazSat-3 штаттық пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

KazSat-3 қазақстандық байланыс спутнигі штаттық пайдалануға берілді, барлық сынаулар мен қазақстандық байланыс операторларының тестілік қосылулары аяқталды. 2014 жылғы 29 желтоқсанда "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ KazSat-3-ті байланыс және хабар тарату ғарыштық аппаратын жасаушы - Ресейдің академик Решетнев атындағы "Ақпараттық спутниктік жүйелер" ААҚ-дан қабылдап алуды жүзеге асырды", - делінген орталықтың сайтында. 

KazSat-3 спутнигінің 28 Ku-диапазонындағы транспондері бар және ол Экспресс-1000НТB платформасы базасында жасалған. Спутниктің орбитадағы белсенді жұмыс істеу мерзімі - 15 жыл.

KazSat-3 телевизиялық сигналдарды қайта таратуға және KazSat спутниктік байланыс жүйесінде Қазақстан мен оған шектес мемлекеттердің аумағында деректерді беру желілерін құруға арналған. Еске сала кетейік, KazSat-3 спутингі осы жылдың 28 сәуірінде "Протон-М" зымыран тасығышымен ұшырылған болатын. Спутник бұған дейін ұшырылған KazSat-2-мен тығыз байланыста жұмыс істейді. 

Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев үшінші спутник байланыс саласындағы жеке әрі автономды жүйені құруға, сондай-ақ байланыс саласындағы қызметтер импортын жыл сайын 4 миллиардтан астам теңгеге азайтуға, сөйтіп, бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді деп мәлімдеген болатын. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай