31 қаңтар 2014 17:54

АҚШ-та ерекше кітап жарық көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Sensory Fiction кітабы. ©MAS S65 Sensory Fiction кітабы. ©MAS S65

Массачусетс технологиялық институтының студенттері ерекше кітап ойлап тапты, ол оқырманына оқиға желісі ішінде жүргендей әсер бере алады деп хабарлайды Lenta.ru ақпаратына сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Екі электронды құрылғы жабдықтарынан тұратын кітап оқырманның көңіл-күйіне әсер ете алады, тіпті оқиғаның басты кейіпкері тап келген жағдайды да дыбыспен беруге қауқарлы. Sensory Fiction атауындағы кітап оқырманның жанары бағытталған абзацты да қадағалауға мүмкіндігі бар. Кітапта 150 түрлі жарық диоды бар, оқырманнан әр абзацтан келесіне өткен сайын ол түсін өзгертіп отырады. Сонымен қатар кітаппен бірге арнайы кеудеше де ұсынылады. Ол басылым мазмұнына қарай дірілдеп қоя береді. Діріл құрылғысы басты кейіпкердің жүрек қағысын қайталайды. Сондай-ақ Sensory Fiction кітабы дыбыстар да шығырады. Әзірге кітап бір шығарма желісіне негізделген: кіші Джеймс Типтридің "Іске қосылған қыз" әңгімесіне. Мұндағы сюжет желісі бойынша, түрі жаман қыз өз-өзіне қол салады, бірақ өлмей қалып, өмірін қайтадан басынан бастауға бір мүмкіндік алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети