28 желтоқсан 2015 10:30

АҚШ-та ұшатын тақтай жасап шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық ARCA Space Corporation әуеғарыш корпорациясы "Назад в будущее-2" фильміндегі ховербордқа ұқсас тұңғыш құрылғыны жасап шығарды, - деп хабарлады RT телеарнасы.


Америкалық ARCA Space Corporation әуеғарыш корпорациясы "Назад в будущее-2" фильміндегі ховербордқа ұқсас тұңғыш құрылғыны жасап шығарды, - деп хабарлады RT телеарнасы.

ArcaBoard "ұшатын тақтайы" 30 сантиметрге дейінгі биіктікпен ұша алады. Бұған дейін өзге компаниялар жасап шығарған құрылғылар магниттің күшімен және арнайы жерде ғана жұмыс істейтін болған.

Ховерборд 36 қозғалтқыш күшінің арқасында ұшады. Олардың жалпы күші 270 аттың күшінен асып түседі және дене салмағы 110 келіге дейінгі жолаушыны көтере алады. Алайда бұл құрылғының барлық тетігі толық жетілдірілмеген: алты сағаттық заряд алты минут ұшуға ғана жетеді.


Ховербордтың тарту күші 36 туннель вентиляторы арқылы жүзеге асады. © ARCA Space Corporation

Ховербордтың салмағы 80 келіден жоғары, көлемі - 145x76x15 сантиметр. Жылдамдығы сағатына 20 шақырымға дейін жетеді. ArcaBoard тақтайын смартфонның көмегімен және өз денеңді басқарғандай басқаруға болады.

Өндірушілердің мәліметінше, тақтай әуеғарыш өнеркәсібінде қолданылатын материалдарынан жасалған. Ол 2016 жылдың сәуір айында сатылымға шығады, бағасы шамамен - 20 мың доллар.

"Біз бұл өнімді 2015 жылы шығарып, "Назад в будущее-2" фильмінің сәуегейлігін пайдаландық десем де болады. Басынан бастап біз сатып алуға болатын және жеңіл қолданылатын көлік түрін жасап шығарғымыз келді. Біз өзге көптеген компаниялардың да бұл технологияны жасап шығаратынына сенімдіміз, себебі ол өкінішке қарай қымбат тұрады. Біз өнімнің сапасын төмендеткіміз келмейді - ол ұшатын көлік құралы және оны арзандата да алмаймыз. Бірақ алдағы жылдарда оның бағасын төмендете аламыз деп ойлаймын", - деді құрылғыны жасап шығарған Думитру Попеску. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети