24 мамыр 2017 10:34

Әлемдегі бірінші робот-полицей өз қызметіне кірісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

24 мамырда әлемдегі ең бірінші робот-полицей өз қызметіне кіріседі, - деп хабарлайды CNN


24 мамырда әлемдегі ең бірінші робот-полицей өз қызметіне кіріседі, - деп хабарлайды CNN

REEM есімді құлтемірді испаниялық PAL Robotics компаниясы құрастырған. Оның бойы - 1,67 метр, басы, екі қолы және кеудесінде сенсор экраны бар. Робот-полицей дөңгелек арқылы қозғалады.

Андроид тоғыз тілде сөйлесе алады және 80 пайызға адамның бет-әлпетін ажырата алады. Ол туристік жерлерде және сауда орталықтарында патрульдік қызмет атқарады, сұрақтарға жауап беріп, мәлімет беріп, айыппұлдарды қабылдай алады. Темір күзетші қол алысып, әскери сәлемдесе алады. Сонымен қатар, оған қылмыс туралы айтуға болады, бірақ онымен тірі адамдар айналысатын болады.

Дубайда 2030 жылға дейін жергілікті полицейлердің төрттен бір бөлігін роботтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Сол кезде тек роботтар қызмет көрсететін полиция бөлімшесі ашылады екен.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети