01 тамыз 2016 10:07

Археологтар Алтай тауларынан мумия тапты: Уақыт машинасының дәлелі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Khovd музейі © Khovd музейі

Археологтар Алтай тауларынан Adidas өнімдеріне ұқсас аяқ киім киген 1500 жыл бұрын өмір сүрген мумия тапты, - деп хабарлайды РИА Новости моңғолдың Khovd музейінің өкіліне сілтеме жасап. 


Археологтар Алтай тауларынан Adidas өнімдеріне ұқсас аяқ киім киген 1500 жыл бұрын өмір сүрген мумия тапты, - деп хабарлайды РИА Новости моңғолдың Khovd музейінің өкіліне сілтеме жасап. 

Музей өкілінің айтуынша, мумия бір жарым мың жыл бұрын өмір сүрген адамға тиесілі, ол 2800 метр биіктікте жерленіпті, сондықтан мумия жақсы сақталған. 

"Әйелдің аяғында Adidas фирмасының сноубордқа арналған аяқ киіміне ұқсас киім болды. Мәйіттің жанында басқа да заттар болды - түрлі әбзелдер, киім, жүген, қойдың басы, жануарлардың сүйегі", - деді ол. 

Мумияның суреті Интернетте жарияланғаннан кейін қолданушылар табылған әйелдің уақыт машинасымен саяхаттаған болуы мүмкін деген пайым жасады. 


© Khovd музейі

"Адамдар 1,5 мың жыл бұрын өмір сүріп, Adidas өнімін киген әйелдің табылуын уақытпен саяхаттаудың дәлелі деп отыр", - деп жазады қолданушылардың бірі. 

Археологтардың айтуынша, бұл Моңғолияда тұңғыш табылған тиісілмеген қабір екен. Қазіргі уақытта мумияны ғалымдар зерттеп жатыр.


© Khovd музейі

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети