Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Даму

Байқоңырдан "Союз" тасымалдаушы зымыраны ұшырылды 14 наурыз 2016, 09:41

Ұшуды басқару орталығы аппараттың ұшуын басқаруға кірісіп кетті.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Байқоңыр ғарыш айлағынан жерді алыстан бақылайтын "Ресурс-П" спутнигі бар "Союз" тасымалдаушы зымыраны ұшырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зымыран Астана уақыты бойынша 14 наурыз күні сағат 00.56-да ұшырылды. "Тасылмалдаушы зымыранның қозғалтқыш құрылғылары штат режимінде жұмыс істеп, 9 минут 21 секундтан кейін аралық орбитада ғарыш аппараты тасымалдаушы зымыранның "Союз-2.1б" деп аталатын үшінші сатысынан бөлінді. Ұшуды басқару орталығы аппараттың ұшуын басқаруға кірісіп кетті", - делінген хабарламада.

Еске салайық, "Союз" тасымалдаушы зымыраны 12 наурызда ұшырылу керек болған. Дегенмен автоматты ұшыру жүйесінде ақаулар пайда болып, зымыранды ұшыру кейінге қалдырылды.


Join Telegram