Ғалымдар Pfizer, AstraZeneca және Moderna вакциналарының тиімділігін салыстырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ұлыбританиялық ғалымдар COVID-19-дың "дельта" нұсқасына қарсы Pfizer-BioNTech, Oxford-AstraZeneca және Moderna компаниясы шығарған вакциналар тиімділігіне зерттеу жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оксфорд университеті сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялық ғалымдар COVID-19-дың "дельта" нұсқасына қарсы Pfizer-BioNTech, Oxford-AstraZeneca және Moderna компаниясы шығарған вакциналар тиімділігіне зерттеу жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оксфорд университеті сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика басқармасы (ONS) және Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаменті (DHSC) серіктестігімен жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, Pfizer-BioNTech және Oxford-AstraZeneca вакциналары "дельта" штамынан жақсы қорғайды, бірақ олардың тиімділігі "альфа" штамына қарсы қорғанысымен салыстырғанда төмендеген.

Зерттеулер "дельта" Ұлыбританияда басым штамға айналған 2021 жылдың 17 мамырына дейін және одан кейінгі тиімділік нәтижелерін салыстырған. Ғалымдар 1 желтоқсаннан 16 мамырға дейін 18 жастан асқан 384 мыңнан аса адамның 2,6 миллионға жуық ПТР-сынамасын және 17 мамыр мен 1 тамыз аралығында 360 мыңға жуық адам тапсырған 810 мыңнан аса сынама нәтижесін талдаған.

Зеттеу нәтижесі вирус жұқтырып, жазылғаннан кейін вакцина алған адамдар бұрын коронавирус жұқтырмай екпе алған адамдарға қарағанда жоғары қорғанысқа ие болғанын көрсеткен.

Зерттеуден алынған басқа да маңызды нәтижелер:

  • Moderna вакцинасының бір дозасы басқа вакциналардың бір реттік дозасы сияқты "дельтаға" қарсы тиімді немесе тиімдірек;
  • Pfizer-дің екі дозасы вирус жұқтыруға қарсы жоғары тиімділікке ие, бірақ тиімділік  AstraZeneca-ның екі дозасына қарағанда тез төмендейді;
  • Төрт-бес айдан кейін екі вакцинаның тиімділігі ұқсас, бірақ зерттеушілер ұзақ мерзімді әсерден қорғауды зерттеу керек дейді;
  • Дозалар арасындағы интервал инфекцияның алдын алу тиімділігіне әсер етпейді, бірақ жастар егде жастағы адамдарға қарағанда вакцина алғанда жоғары қорғанысқа ие болады.


"Вакцинация COVID-19 жұқтыру мүмкіндігін төмендетсе де, оны жоя алмайды. Ең бастысы, бұл мәлімет вакцина алған адамдардың COVID-19-ды басқаларға жұқтыру әлеуетін көрсетеді және ауруды азайту үшін тестілеу мен оқшауланудың маңыздылығын көрсетеді", - деді Наффилдтегі Оксфорд университетінің қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің аға ғылыми қызметкері Коэн Пауэллс.

Айта кетейік бұған дейін Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко "Спутник V" вакцинасының "дельта" штамына қарсы тиімділігі шамамен 83 пайыз деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro