08 ақпан 2016 | 10:33

Жапонияда әлемдегі ең биік ғимарат салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Dailymail.co.uk © Dailymail.co.uk

Инженерлер Токиода әлемдегі ең биік ғимарат салмақшы. Оның биіктігі 1700 метр болады. Айта кетейік, бұл қазіргі кезде әлемдегі ең биік ғимарат саналатын Дубайдағы Бурдж-Халифадан (биіктігі 828 метр) екі есе биік, - деп хабарлайды Daily Mail.


Иконка комментария блок соц сети

Инженерлер Токиода әлемдегі ең биік ғимарат салмақшы. Оның биіктігі 1700 метр болады. Айта кетейік, бұл қазіргі кезде әлемдегі ең биік ғимарат саналатын Дубайдағы Бурдж-Халифадан (биіктігі 828 метр) екі есе биік, - деп хабарлайды Daily Mail.

Sky Mile деп аталатын ғимарат мегаполистің орталығында орналасады. Кешен жасанды аралдармен қоршалады. Ғимарат 50 мың адамға есептеліп жасалған.


© Аrchitecturaldigest.com


© Аrchitecturaldigest.com

Зәулім үй желге төзімді болады. Кешенде адамдар тұратын орындардан бөлек сауда орталықтары, мейрамханалар, қонақүйлер, спортзалдар, кітапханалар мен емханалар орналасады. Ал лифттер әдеттегіден тыс, яғни горизонталь бағытта жұмыс істейді.


© Dailymail.co.uk

Айта кетейік, ғимаратты экологиялық таза электр энергиясымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Құрылыспен Kohn Pedersen Fox Associates және Leslie E. Robertson Associate компаниялары айналысады. Жоба 2045 жылға қарай жүзеге асырылады деп күтілу үстінде.

Архитекторлар ғимараттың жер сілкінісі, тайфун сияқты табиғи апаттарға төзімді болатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети