1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Даму

"KazSat-3" екі айдан кейін ғарышқа аттанады 06 ақпан 2014, 11:23

"KazSat-3" жер серігі екі айдан кейін Байқоңырдан ұшырылмақ.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото inform.kz сайтынан Фото inform.kz сайтынан
Биылғы жылдың сәуір айында Байқоңыр ғарыш айлағынан "KazSat-3" жер серігін ұшыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазғарыш" ұлттық компаниясының баспасөз мәлімдемесіне сілтеме жасап. Компанияның хабарлауынша, бұған дейін ғарышқа аттанған "KazSat-2" жер серігі бүгінде штаттық режимде жұмыс істеп, 63 пайызға жүктелді. "Қазір Қазақстанның 11 байланыс операторы 2 млрд теңгеге спутниктік қызметті жалға алып отыр. Ал "KazSat-3" бойынша өткен жылы жалпы құрастыру және сынау жұмыстары аяқталды. 2014 жылы сәуірдің 30-ына дейін аталған жер серігін Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру жоспарланып отыр", - делінген "Қазғарыштың" ресми мәлімдемесінде.


Join Telegram