19 тамыз 2016 12:15

Күйзеліске жиі ұшырайтын адамдарды Instagram арқылы анықтауға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© comandir.com © comandir.com

Гарвард және Вермонт университеттерінің зерттеушілері күйзеліске жиі түсетін адамдарды Instagram арқылы анықтауды үйренді, - деп хабарлайды Nplus1 порталы. 


Гарвард және Вермонт университеттерінің зерттеушілері күйзеліске жиі түсетін адамдарды Instagram арқылы анықтауды үйренді, - деп хабарлайды Nplus1 порталы. 

Ғалымдар 166 қолданушының Instagram желісіндегі шамамен 44 мың суретін жинап алған. Олардың 71-і күйзеліске түскен, ал 95-і сау. Мамандар осылайша зерттеуге қажетті барлық мәліметті алған, мәселен: әрбір қолданушының белсенділік деңгейі (жариялау жиілігі), интернеттегілердің әсері (лайктар мен пікірлер), суреттің сипаты (реңкі, ашықтығы және қоюлығы), метамәліметтер (Instagram фильтрлері) және адамдардың суретте болу-болмауы. 

Әлеуметтік желі қолданушыларының күйзеліске түскенін білдіретін негізгі белгісі көк түстің түрлі реңктері екен. Мұнымен қатар, суреттің күңгірт және қою болуы адамның күйзеліске ұшырағанын білдіреді. Психикалық ауытқушылығы бар қолданушылар көбінде адам бет-әлпеті бар суреттер жариялайды әрі оларға аз лайк қойылады. 

Мұнымен қатар, ғалымдар күйзеліске түскен адамдардың түссіз суреттерді қалайтынын, ал сау юзерлер көбінде суреттің реңкін ашатын Valencia деп аталатын фильтрді қолданатынын анықтап отыр. 

Зерттеу авторларының айтуынша, бұл нәтижелер визуал әлеуметтік желілердің күйзелісті ерте анықтауға мүмкіндік береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети