01 наурыз 2019 15:08

Қытайлық аппараттар Айдың арғы бетінен белгі берді

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото:cnsa.gov.cn © Фото:cnsa.gov.cn

Қытайлық аппараттар айдың арғы бетінен белгі берді, - деп хабарлайды РИА Новости


Қытайлық аппараттар айдың арғы бетінен белгі берді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Чанъэ-4" мен "Юйту-2" апараттары қаңтар айынан бастап Айдың арғы бетіне қонып, оны зерттей бастаған. 12 ақпанда кешкі уақытта олар іске қосылмай ай түнінің өтуін күткен. Ай бетінде жүруші аппарат 28 ақпанда іске қосылған. Ал "Чанъэ-4" аппараты көктемнің алғашқы күні Астана уақытымен сағат 5.52 іске қосылды. WeChat әлеуметтік желісінде Айды зерттейтін бағдарламада аппаратар жайлы хабар тараған. Хабарламада осы бағдараламаны жүргізуші ғалымдар жердегі орталықпен айдағы аппараттар арасында байланыс орнатылғанын айтты.

"Айдың екінші бетінде айрықша температура болғандықтан түнгі уақытта аппараттар өз жұмысын тоқтатады. Себебі олар келесі зерттеулерді жасау үшін қуаттарын сақтауы тиіс", -делінген хабарламада.

3 қаңтарда таңғы уақытта "Чанъэ-4" адамзат тарихында бірінші рет Айға қонған.

Ол бірнеше сағаттан кейін Жер серігінің арғы жағын суретке түсіріп жерге жіберген. Ол Айдың оңтүстік полюс бөлігінде орналасқан - Эйткен бассейніне қонған. Қытайдың ұлттық ғарыш басқармасының өкілдері "Чанъэ-4" өз тапсырмасын толығымен орындап, адамзат үшін ғарыш саласында тағы бір жетістікке жеткенін айтты. Қазіргі уақытты аппарат бірнеше міндетті атқарған.

Оның ішінде Айдың беткі қабатында биологиялық тәжірибе жасаған. Олар тәжірибенің арқасында ол жақта мақтаны өсіріп шығарған екен. "Чанъэ-4" үнемі Айдың беткі қабатының суретін жер орталағына жібереді. Бұл суреттер мен зерттеулер ғалымдарға Айдың ғаламшардағы орнын анықтауға көмектеседі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети