15 ақпан 2020 17:37

Қызылордалық студенттер садақ ату ойынының виртуал үлгісін жасап шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Хабар 24 Сурет: Хабар 24

Қызылордалық бір топ студент садақ ату ойынының виртуал үлгісін жасап шығарды, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Қызылордалық бір топ студент садақ ату ойынының виртуал үлгісін жасап шығарды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Мұндай толық аяқталған компьютерлік ойын Қызылорда облысында алғаш рет дайындалып отыр, дейді мамандар. Абылайхан Қарсақбай және ағайынды Сұлтан мен Бек Қазилардың "3Д" туындысы IT мамандар тарапынан жоғары бағаға ие болыпты.

Олар бұл ойынды арнайы бағдарламалар негізінде 4 ойын өңдеуге арналған құралдар жиынтығының көмегімен төрт айда құрастырған. Әзірге қызылордалық өрендер ортағасырлық қала сипатында тұрып, садақ ату ойынын ғана виртуалды әлемге енгізді. Алдағы уақытта ат үстінен нысана көздеу идеясын да "3Д" негізінде жүзеге асыруға ниетті екен.

"Осылайша компьютер мен смартфонға телмірген жастардың қазақтың ұлттық ойындарына деген қызығушылығын арттырамыз", - дейді жас өнертапқыштар.      

"Алда көптеген ойын шығару жоспарымыз бар. Тек VR емес, компьютерге де, ұялы телефонға да шығару ойымызда бар. Қазір 2 жоба дайын тұр, іске асырып жатырмыз. Тоғызқұмалақ, көкпар, асық ату, осы барлық қазақ ойындарының ЗD моделін істеп, ойын шығару жоспарда бар", - дейді студенттердің бірі Бек Қази.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети