03 қазан 2016 17:15

Медицина бойынша Нобель сыйлығы жапон ғалымына берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

2016 жылы медицина саласындағы Нобель сыйлығы жапон ғалымы Йосинори Охсумиге берілді, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы дүйсенбіде Стокгольмде Каролин медициналық институтының Нобель сыйлығы комитетіндегілер мәлімдеді. Ғалымға бұл сыйлық оның аутофагияның жұмыс істеу механизмін анықтай алғаны үшін берілді.

Айта кетейік, Йосинори Охсуми Токиодағы Технологиялық университтетте биолог болып қызмет етеді. Ол өмір бойы жасушалық аутофагияның қалай жұмыс істейтінін зерттеген. Жалпы аутофагия процесі 1960 жылдары белгілі болған. Алайда аутофагия процесінің қалай жұмыс істейтіні туралы өткен ғасырдың 90 жылдарына дейін белгісіз болған. Сол кезде Охсуми бұл процестің қыр-сырын аша алған.

"Йосинори Охсумидің еңбектерінің арқасында біз енді ісіктердің және басқа да түрлі аурулардың пайда болуы мен адам денесінің қартаюында аутофагияның қаншалықты маңызды екенін білдік", - деді Нобель комитетінің мүшесі Мария Масуччи.

Ал былтыр физиология мен медицина саласындағы сыйлықтар америкалық Уильям Кэмпбелл, Сатоши Омура мен қытайлық Ту Ююге берілген болатын.

Айта кетейік, марапаттау рәсімі 10 желтоқсанда Стокгольмде өтеді. Биыл берілетін Нобель сыйлықтарының көлемі шамамен 953 мың долларға тең.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети