23 маусым 2014 12:20

Мұсабаев жерді қашықтан бақылау қызметінің бағасын белгіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©novacenter.ru ©novacenter.ru

Қазақстандағы жерді қашықтан бақылаудың ғарыштық жүйесі жедел әрі маңызды ақпараттарды алу үшін құрылып отыр. Оның қызметі тегін болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевқа сілтеме жасап. 

"Қазір мемлекеттік органдар осы жүйеге үлкен қызығушылық танытып отыр. Себебі оның мәліметтері негізінде көптеген салалық мәселелерді шешуге болады. Алайда олар қажетті ақпаратты тегін беруді ұсынып отыр. "Қазғарыш" ғарыштан түсірілген суреттерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тегін беруге әзір. Дегенмен, тиісті шығындарды өтеу үшін осы саладағы ұлттық оператор - "Жерді қашықтан бақылаудың ғарыштық жүйесіне" жыл сайын 2,5 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаражаты бөлініп тұруы шарт", - деп атап көрсетті Мұсабаев Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында. Осы орайда ол Қазғарыштың бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бола алатынын жеткізді.

Айта кеткен жөн, бүгінде Қазақстанның жерді қашықтан бақылау саласындағы ғарыштық жүйесіне екі аппарат кіреді. Ал оларды басқару орталығы Астана қаласында орналасқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети