24 қаңтар 2014 13:43

Мыңжылдық теңдеудің қазақстандық шешімі ағылшыншаға аударылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет realityzone.ru сайтынан алынды Сурет realityzone.ru сайтынан алынды

Қазақстан ғалымы Мұхтарбай Өтелбаев ұсынған Навье-Стокс теңдеуі шешімін ағылшын тіліне аударуға әлемнің беделді жоғары оқу орындарының профессорлары ерікті түрде ниет білдіріп отыр деп хабарлайды New Scientist басылымына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мыңжылдық теңдеуі шешімін халықаралық математиктер қауымдастығы бағалай алуы үшін қажет болып отыр. Аударма ісімен Массачусетс технологиялық институтының ғалымы Миша Вулфсон (Misha Wolfson) жетекшілік ететін еріктілер тобы айналысып жатыр. Ол орыс тілін білетіндігін, бірақ Өтелбаев ұсынған Навье-Стокс теңдеуі шешіміне ғылыми тұрғыда баға беруге қиналып тұрғанын айтады. Қазақ ғалымының жұмысымен танысуға бел шеше кіріскен Миссурий университетінің профессоры Стивен Монтгормери-Смит те бұл іс оңды болатындығына сенімді. Ол өз зерттеуіне ресейлік әріптестерін де тартқан екен. "Мен оқып үлгергендерімнің барлығы дұрыс секілді, бірақ әзірге нақты дәлелді анықтағаныма сенімді емеспін" дейді ғалым. Өз кезегінде ғалымдар үшін мәселенің ресми формуласын жазған Пристон университетіндегі Чарльз Фефферман (Charles Fefferman) теңдеу шешімінің ағылшынша нұсқасы дайын болғанша қандай да бір түсініктеме беруден бас тартатындығын мәлімдеген."Осыған дейін Навье-Стокс теңдеуі бойынша бірнеше шешім ұсынылған, бірақ оның барлығы дұрыс болмай шыққан" дейді Фефферман. Қазақстандық ғалым жұмысы аудармасына мына шешімін таппаған деп санайтындығын баса айта кетелік.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети