18 қыркүйек 2014 12:27

Отандық робот үй күзететін болады және сауда жасай алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда үйді күзетіп, дүкенде саудаласа алатын робот жасалды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Информатика және басқару мәселелері институтының Ақпараттық процестерді талдау және модельдеу зертханасының меңгерушісі Рустам Мұсабаев айтты.


Қазақстанда үйді күзетіп, дүкенде саудаласа алатын робот жасалды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Информатика және басқару мәселелері институтының Ақпараттық процестерді талдау және модельдеу зертханасының меңгерушісі Рустам Мұсабаев айтты.

Жоба жетекшісінің айтуынша, роботтың прототипі дайын. Оған дыбыстық құрылғылар, динамикалар мен бейнекамералар орнатылған. Арнайы бейнекамераның көмегімен ол көре алады және адамның сөзін тану мен талдау жүйесін қолданып, ауызша бұйрықтарды естіп-түсіне алады. Әзірше құлтемірге құрылғының барлық бөлшегін қимылдата алатын базалық алгоритмдер орнатылған.

Ғалымның айтуынша, жоба робот техникасымен айналысатын студенттерге пайдалы болады. Олар бұл жүйе үшін алгоритмдерді өз бетімен құрастыра алатын болады және аппараттық-бағдарламалық бөлшектер арасындағы өзара байланыстың қағидаларын іс жүзінде зерттей алмақ. Мұсабаевтың айтуынша, отандық робот шетелдік өнімдерге қарағанда арзанырақ болады.

Қазақстандық жобаның келешекке арналған перспективалары да бар. Көп елде арнайы қызметтер мұндай құрылғыларды адамның кіруіне қиын немесе қауіпті жерлерге қолданады. Оны тұрмыста да қолдаунға болады. Мысалға, робот үйді күзете алады, ол аумақты бақылап, тиісті видео және аудио дабылды қожайынға жолдайды. Мұсабаев келешекте оны басқа да қызметтерге үйретуге болады деп есептейді, мысалға, адамның сөзін түсіне алатын роботты дүкенге жіберуге болады. Ол үшін бағдарламаға қала көшелерімен жүруге, сауда жасауға қажетті алгоритмдерді қосса болғаны. Сонымен бірге, ғалым роботты халыққа қызмет көрсету орталықтарында ақпараттық анықтамаларды беруге қолдануға болатынын айтады. 

Айта кетейік, робот пайдаланатын адамның сөзін тану мен талдау жүйесін ғалымдар көру қабілеті бұзылған мүгедектерге қолданып көруді ойлайды. Бағдарлама қазақша айтылған әңгімені мәтінге айналдыруға, ауызша бұйрықтарды орындауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, бұл жүйе адамға компьютермен мемлекеттік тілде сөйлесуге мүмкіндік туғызып отыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети