Photoshop суреттің жоқ бөліктерін енді өзі сала алады

30 Мамыр 2016, 09:41
0
Photoshop суреттің жоқ бөліктерін енді өзі сала алады - Adobe Photoshop / YouTube
Adobe Photoshop / YouTube

Белгілі графикалық Adobe Photoshop редакторының жаңа нұсқасында суреттің жоқ бөліктерін автоматты түрде өзі сала алатын мүмкіндік пайда болды. Бұл туралы Adobe өкілдері Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында ұсынды.

Бұл қызмет суретке түсірер кезде камераны қисық ұстаған жағдайда қажет болады екен. Суретті айналдырғаннан кейін бұрыштардағы бос кеңістіктер қалып қояды. Осыған дейін қолданушылар суреттің шеткі аймақтарын кесіп тастап, суреттегі қажетті нысан көрінбей қалатын.  

Adobe Photoshop автоматты түрде суреттің жоқ тұстарын салуы үшін Crop құралының Content-Aware деп аталатын баптауын қосу керек, осыдан кейін графикалық редактор қажетті өлшемге дейін суретті өзі толықтырып салады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай