09 қаңтар 2019 15:39

Робот жасап шығаратын балаларды дайындауымыз қажет - Дастан Рахатов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда стартап жобалар дамып келе жатыр. Қазірдің өзінде бұл жобаларды күнделікті қолдануға да мүмкіндік бар. Tengrinews.kz тілшісі осындай қызықты жобалардың бірімен таныстыруды ұйғарды. ХАТУ оқытушысы Дастан Рахатовтың жобасы - балаларға робот құрастыруға арналған, кішкентай бөліктерден құралған жинақтар. Автор жобаның мақсаты деп осындай іске асқан өнім арқылы балалардың роботтехникаға деген қызығушылығын арттыруды атап отыр.


Қазақстанда стартап жобалар дамып келе жатыр. Қазірдің өзінде бұл жобаларды күнделікті қолдануға да мүмкіндік бар. Tengrinews.kz тілшісі осындай қызықты жобалардың бірімен таныстыруды ұйғарды. ХАТУ оқытушысы Дастан Рахатовтың жобасы - балаларға робот құрастыруға арналған, кішкентай бөліктерден құралған жинақтар. Автор жобаның мақсаты деп осындай іске асқан өнім арқылы балалардың роботтехникаға деген қызығушылығын арттыруды атап отыр.

"Егер еліміздің мектептерінде осы жинақ арқылы сабақ өткізілетін болса, оқушылар қысқа уақытта роботты техниканың негізін үйреніп алар еді", - дейді Дастан.

Дастан 23 жаста, Алматыда туып-өскен және осында білім алған. IT-технологияға деген қызығушылығы мектеп қабырғасында басталған. "Ақпараттық жүйе" мамандығы бойынша білім алған Дастанмен сұхбатты Innovation Center-де жаздық, дәл осы жерде студенттер стартаптарын жүзеге асырады екен.

Егер жинақты нұсқаудағыдай дәлме-дәл жасаса, нәтижесінде шамдары сәйкесінше ауысатын бағдаршам, өздігімен жұмылып-ашылатын роботтың қолын және аяқтарымен жүретін роботты көруге болады.

"Мына кітап түрінде жасалған 150 беттік нұсқауда бәрі көрсетілген, тек оқып дәлме-дәл жасаса, кез келген оқушы осындай роботтың кішкентай түрін жасай алады. Бұл кітап үш бөліктен тұрады теория, тәжірибе және жоба. Оған қоса физика заңдары мен роботтың не мақсатта жасалатыны туралы түсіндірлген. Біз кітапты үш тілде шағарамыз", - деді құрастырушы.

Кез келген балаға робот жасап шығару үшін кітапта көрсетілгендей компьютермен бағдарлама арқылы кодтарды теру терек. Терілген кодқа байланысты робот әртүрлі бұйрықты орындайды. Одан кейін кодты usb-баусым арқылы бөлшектерден жиналған роботтың жадына енгізеді. Осы арқылы кез келген бала роботтың жұмыс істеу негіздерін түсінеді.

Айтатын болсақ жинақтағы бағдаршамның біз күнделікті көріп жүрген көшеде орналасқан бағдаршамнан ешқандай айырмашылығы жоқ, тек роботтың көлемі шағын демесеңіз. Жобаның сайты бар, ол жерде нұсқаулық кітаптың электронды нұсқасы мен түсіндірме бейнероликтер орналастырылыпты.

Қазірдің өзінде Дастанның жасаған робот жиынтығын еліміздің бірнеше мектебінде оқу құралы ретінде қолданып жатыр. Сондай-ақ, ол бірнеше адамнан құралған топпен, оқытушыларға білік арттыруға арналған роботтық техникадан сабақ беретін арнайы курстар жүргізеді.

"Мен жобаны студент кезімде жасап шығардым. Роботқа деген қызығушылығым мектеп кезінде басталды. Мен әр түрлі роботтық техникаға байланысты ақпаратты кітап, интернет арқылы қарадым. Осы біліммен қолда бар техниканы пайдаланып тәжірибелер жасай бастадым. Өте көп қателестім, бірақ уақыт келе көп қатемді түзедім. Студент кезімде өзім сияқты роботқа қызығушы мектеп оқушыларына және студенттерге білгенімді үйрете бастадым", - дейді ол.

Осылайша Дастан мұндай тәжірибелердің арқасында бозбалаларға қысқа уақытта дайын робот жасап шығару үшін жолнұсқаушы ретінде өз идеясын ойластырған.

"Әрине, қазір кез келген жеткіншек интернет арқылы, күнделікті қолданыста жүрген техникалық жиынтықтармен робот жасап шығаруы мүмкін, бірақ оған жету үшін уақыты мен күш-қуатын бірнеше есе көп жұмсайды. Ал жобамда нұсқаулықтар мен радиоэлектроника және схемалық құрылғылар бірге жүреді. Яғни баладан тек шығармашылық талап қажет. Қаласа өзінің пианиносын жасап шығара алады. Сондағы арман-мұратым - робот жасап шығаратын балаларды дайындау. Ал жобаның атауына келер болсақ, ол да кездейсоқ емес. Себебі жоба 12 жастан асқан балаларға лайықталып жасалған. Қазақта осы жастағы балаларды бозбала деп атайды емес пе?", - деп сөзін аяқтады Дастан.

Ендігі кезекте жас инноватор Қазақстанның барлық мектебінде өз жобасын пән ретінде енгізуді мақсат тұтып отыр. Одан қала берсе өзінің жобаларын франшиза арқылы еліміздің барлық өңіріне тарату болып тұр.

Автор: Мақсат Мамбетжан
Суреттер: Андрей Зайцев

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети