09 ақпан 2018 | 09:57

"Роскосмос" өкілі Falcon Heavy ұшырылуын "сәтті жарнама" деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AP Photo / John Raoux © AP Photo / John Raoux

"Роскосмос" корпорациясының өкілі Игорь Буренков SpaceX компаниясының аса ауыр Falcon Heavy зымыранының ұшырылуын сәтті жарнама акциясы деп атады. Бұл туралы ол "Эхо Москвы" радиостанциясының эфирінде мәлімдеді. 


Иконка комментария блок соц сети

"Роскосмос" корпорациясының өкілі Игорь Буренков SpaceX компаниясының аса ауыр Falcon Heavy зымыранының ұшырылуын сәтті жарнама акциясы деп атады. Бұл туралы ол "Эхо Москвы" радиостанциясының эфирінде мәлімдеді. 

Оның айтуынша, зымыранның ұшырылуы Tesla электрмобильдері акционерлерінің жиыны қарсаңында әдейі қабылданған шешім. Буренков Tesla компаниясының 2017 жылдың үшінші маусымы қорытындысы бойынша 620 миллион доллар шығынға батқан қаржы көрсеткіштеріне тоқталды. 

"Бизнеспен жақсы айналысатын, өз кәсібіне қосымша инвестиция тартуға мүдделі жеке компаниялар бар. Осыған орай олар түрлі промоакциялар ұйымдастырады. Байқасаңыздар, бұл зымыран жәй ғана ұшып қойған жоқ, көлікпен бірге ұшырылды", - деп келтіреді РБК "Роскосмос" өкілінің сөзін.

Жүргізушінің Илон Маск электрмобилін жарнамалады ма деген сұрағына сұхбаттасушы "Таяуда кезекті жиындары өтеді, бұл шаруаны тезірек ыңғайлау керек деген сөз, ал Tesla жағдайы мәз емес, мұны бәрі біледі" деп жауап берді. Сондай-ақ, ол зымыран ұшырылуын "өте жақсы әдіс" деп атады. 


"Роскосмос" өкілі Игорь Буренков. © ruspekh.ru

Еске салайық, 6 ақпанда америкалық миллиардер әрі өнертапқыш Илон Масктың SpaceX компаниясының жаңа қуатты Falcon Heavy зымыран-тасығышы сәтті ұшырылған еді. Бортта Tesla Roadster спорттық көлігі болды. Зымыран-тасығыш Астана уақыты бойынша сағат 2.45-те Флорида штаты Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылды.

Жоспар бойынша, Tesla Марс пен Жердің гелиоцентрикалық орбитасына жеткізілуі тиіс еді. Алайда есептеулердегі қателіктен электрмобиль орбитадан шығып кетіп, Марс пен Юпитер арасындағы астероидтар белдеуіне қарай ұшып кетті.

Falcon Heavy ұшырылуын көпшілігі тарихи оқиға әрі космонавтикадағы жаңалық деп бағалаған. Мамандардың айтуынша, жаңа зымыран аз қаражатпен орбитаға көптонналық жүктерді шығаруға мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, Falcon Heavy Falcon 9 базасында жасалады. Ол басқарылатын Dragon V2 кемесіне тасымалдаушы болады, онымен ғарыштық туристер ай орбитасымен ұшып өтеді. Сонымен қатар, ракета Марсқа Масктың жеке көлігі Tesla Roadster-ді жібереді. Тасымалдаушы 63,8 тонна жүкті жеткізе алады, оны ұшырудың құны - 90-120 миллион доллар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети