07 ақпан 2018 11:01

Жаңа Falcon Heavy зымыран-тасығышы Масктың спорттық көлігін ғарышқа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

SpaceX компаниясының жаңа қуатты Falcon Heavy зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды. Осылайша, Илон Масктың спорттық көлігі ғарышқа шықты, - деп хабарлайды РИА Новости.


SpaceX компаниясының жаңа қуатты Falcon Heavy зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды. Осылайша, Илон Масктың спорттық көлігі ғарышқа шықты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Зымыран-тасығыш Астана уақыты бойынша сағат 2.45-те Флорида штаты Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылады.

"Тамаша болды", - деп қорытындылады осы сәтті трансляция жүргізушісі.

Зымыран-тасығыш ұшырылған соң Илон Маскты құттықтауға оның серіктестерімен қоса бәсекелестері де келді. 

"Барлығымыз да жаңа зымыран-тасығышты ұшыруға қанша күш салу керектігін білеміз. Бүгін барлығымыз осындай тамаша сәтке куә болдық", - деді NASA басшысы міндетін атқарушы Роберт Лайтфут.

Сондай-ақ, Роберт Лайтфут осындай зымыран-тасығышты Канаверал ғарыш айлағынан ұшыруға мүмкіндік берген NASA қызметкерлері мен компанияның өзін құттықтады.

Virgin Galactics компаниясының басшысы, Илон Макстың бәсекелесі Ричард Брэнсон да компанияны құттықтауға келді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Falcon жаңа зымыран-тасығышының Марсқа ұшатыны хабарланған болатын.

Сондай-ақ, жақында Илон Маск Instagram желісіндегі парақшасында Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран-тасығыш көрсетілген видеоролик жариялаған болатын.

Айта кетейік, Falcon Heavy Falcon 9 базасында жасалады. Ол басқарылатын Dragon V2 кемесіне тасымалдаушы болады, онымен ғарыштық туристер ай орбитасымен ұшып өтеді. Сонымен қатар, ракета Марсқа Масктың жеке көлігі Tesla Roadster-ді жібереді. Тасымалдаушы 63,8 тонна жүкті жеткізе алады, оны ұшырудың құны - 90-120 миллион доллар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети