07 қаңтар 2020 11:40

SpaceX орбитаға 60 жерсерік шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран-тасығышы орбитаға 60 Starlink жерсерігін сәтті шығарды. Бұл туралы компанияның Twitter-аккаунтында жарияланды, - деп хабарлайды "Лента.ру"


SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран-тасығышы орбитаға 60 Starlink жерсерігін сәтті шығарды. Бұл туралы компанияның Twitter-аккаунтында жарияланды, - деп хабарлайды "Лента.ру"

Орбитаға шығарылған жерсеріктер 290 шақырым биіктікте болады және жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз етеді. 

Falcon 9 6 қаңтарда 21:19-да жергілікті уақыт бойынша ұшты. Оның бірінші сатысы (бұрындары үш рет қолданылған) Атлант мұхитындағы Of Course I Still Love You ("Әрине, мен сені әлі де сүйемін") платформасына қонды. 

SpaceX жаһандық интернетпен қамтамасыз ету Starlink бағдарламасын 2015 жылы таныстырған еді. Ол 12 мыңға жуық жерсеріктерді іске қосуды жоспарлаған: 1,1-ден 1,3 мың шақырым аралығындағы биіктікте 4425 құрылғы және 335-тен 346 шақырымға дейінгі биіктікте 7518 аппарат. Жүйенің мәлімделген өткізу қабілеті бір пайдаланушыға секундына бір гигабитті құрайды. Жүйенің өткізу мүмкіндікгі бір қолданушыға секундына бір гигабайт болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети