20 қаңтар 2020 09:27

SpaceX сынақ кезінде Falcon 9 зымыранын жарып жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com/SpaceX © twitter.com/SpaceX

SpaceX компаниясы Crew Dragon ғарыш кемесінің экипажын құтқару жүйесін сынақтан сәтті өткізді. Бүкіл процесс компанияның YouTube-каналында трансляцияланды, - деп хабралйды Tengrinews.kz тілшісі. 


SpaceX компаниясы Crew Dragon ғарыш кемесінің экипажын құтқару жүйесін сынақтан сәтті өткізді. Бүкіл процесс компанияның YouTube-каналында трансляцияланды, - деп хабралйды Tengrinews.kz тілшісі. 

Falcon 9 зымыраны Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылды, сынақ 10 минуттан аса уақытқа созылды. 20 шақырым биіктікте зымыран тасығыштың апатқа ұшырау жағдайы қолдан жасалды. Ішінде манекендер қойылған экипаж капсуласы автоматты түрде сегіз қозғалтқышы бар Falcon 9-дан бөлінген. Осыдан кейін ол төрт парашютпен Атлант мұхитына түсті, осы кезде құтқарушылар кемесі көмекке асыққан. Falcon 9 зымыраны өзінен Crew Dragon тастағаннан кейін көп ұзамай жарылды. 

SpaceX корпорациясының басшысы Илон Маск сынақты "мінсіз" деп атап, осы жобаны әзірлеуге қатысқан барлық маманды құттықтады. "Мен қатты қобалжыдым, бұл керемет. Енді 2020 жылдың екінші тоқсанында экипажбен ұшыруымыз мүмкін", - деп жазады Bloomberg Масктың сөзін. 

SpaceX NASA тапсырысы бойынша Dragon жүк кемесі базасында Crew Dragon басқарылатын кемесін құрап жатыр. 2019 жылдың наурыз айында кеме ұшқышсыз режимде ХҒС-ға ұшып, содан кейін Жерге сәтті оралды. Басқарылатын SpaceX сынақтарын бастау үшін апаттық старт жағдайында кемені эвакуациялау жүйесінің жұмысын көрсету қажет болған. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети