09 желтоқсан 2014 10:31

Сuriosity Марстан ежелгі көлдердің ізін тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©jpl.nasa.gov ©jpl.nasa.gov

Curiosity марскезгіші "қызыл ғаламшардың" бетінен ежелгі көлдердің орнын тапты, - деп хабарлайды РИА Новости NASA агенттігіне сілтеме жасап. 


Curiosity марскезгіші "қызыл ғаламшардың" бетінен ежелгі көлдердің орнын тапты, - деп хабарлайды РИА Новости NASA агенттігіне сілтеме жасап. 

Ғалымдардың айтуынша, Curiosity аппаратының соңғы екі жыл ішінде Гейл кратеріндегі топырақтың құрамы туралы жинаған мәліметтері Марста көлдердің болғанын көрсетіп отыр. Эолида тауының жынысын зерттеген ғалымдар оның құрамынан түрлі қабаттарды тапты, оның бір бөлігі су мен желдің әрекетінен түзілген. Зерттеушілер бірнеше миллион жыл бұрын бұл таудың орнында ірі өзен немесе суқоймалар шоғыры болған деп топшылайды. 

Демек, теория миллиардтаған жыл бұрын Марстағы климат көлдердің түзілуіне қолайлы болғанын көрсетіп отыр. Екі жыл бұрын NASA-ның Curiosity марскезгіші бұл ғаламшардағы Гейл кратері ауданына қонған болатын, ол жерден Марс топырағының терең қабаттары жақсы көрінеді. Curiosity миссиясының негізгі міндеттері - егжей-тегжейлі геологиялық және геохимиялық зерттеулер жүргізу, планета атмосферасы мен климатын зерттеу, Марстан су мен су іздерін және органикалық заттарды іздестіру.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети