09 қаңтар 2016 09:29

Вьетнамда ғарыштан үш белгісіз шар құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Вьетнамның әскери мамандары мен ғалымдары қаңтар айының басында елдің солтүстігіне құлаған белгісіз шарларды зерттеп жатыр, - деп хабарлайды AFP.


Вьетнамның әскери мамандары мен ғалымдары қаңтар айының басында елдің солтүстігіне құлаған белгісіз шарларды зерттеп жатыр, - деп хабарлайды AFP.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, сол күні ерекше қатты дауыс естілген. Далаға шыққан олар үш металл сфера тауып алады. Шарлардың бірі алаңға түссе, тағы бірі ғимаратқа құлаған. Дегенмен ешкім зардап шеккен жоқ. Ең үлкен шардың салмағы - 45 келі, екіншісінікі 6 келі болса, үшінші шардың салмағы - 250 грамм.

Вьетнам Қорғаныс министрлігі нысанның не екенін әлі анықтаған жоқ. Дегенмен олардың ішінде радиоактивті немесе жарылғыш заттардың жоқ екені белгілі болды. Болжам бойынша, сфералар атмосфераның төменгі қабатында орналасқан ғарыш қоқысы болуы мүмкін.

Вьетнамның осы шарларды зерттеп жатқан әскерилері бұл ғарыш аппараттары Ресейде шығарылғанын айтып отыр. Бұл туралы жергілікті Vientamnet.vn басылымы жазды. "Бұл сәтсіз ұшырылған спутниктің нәтижесі болуы мүмкін", - деді жергілікті профессор Нгуен Хоа Сон.

Айта кетейік, мұндай шар Жер бетіне бұған дейін де құлаған болатын. 2015 жылдың қарашасында осыған ұқсас шар Испанияның оңтүстігінен табылса, мамыр айының соңында және шілдеде мұндай нысан Қостанай облысынан табылды. Сол кезде ғалымдар мұның ғарыш кемесінің бөлшегі екенін айтқан болатын.


2015 жылдың жазында Қостанай облысында табылған шар © alau.kz 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети