10 ақпан 2015 11:55

2014 жылы қатерлі ісікке 2 мыңнан астам қазақстандық шалдықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©bankoboev.ru ©bankoboev.ru

2014 жылы Қазақстанда 2 мың адам қатерлі ісікке шалдыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бас онкологы Қуаныш Нұрғазиевке сілтеме жасап.


2014 жылы Қазақстанда 2 мың адам қатерлі ісікке шалдыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бас онкологы Қуаныш Нұрғазиевке сілтеме жасап.

"2014 жылы қатерлі ісікке шалдығудың 2 мыңнан астам жағдайы анықталды, оның 30 пайызы аурудың алғашқы кезеңінде, 57 пайызы екінші кезеңінде анықталды. Ауру ерте анықталған сайын оны емдеу де оңайға түседі. Біздің мақсатымыз - аурудан айығып шығудың бесжылдық көрсеткішін жақсарту арқылы пациенттің өмір сапасын төмендетпей өлім-жітім көрсеткішін азайту", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. 

Нұрғазиев 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстандағы онкология ұйымдарында 150 436 науқас есепте тұрғанын хабарлады (2013 жылы 146 404 науқас болған). "Ауруға шалдыққан адамдар қатарының көбеюі - объективті цифр, одан қорқуға болмайды. Халықтың орташа жасының жоғары болған сайын онкология науқастарының саны да көп болады. Әлемнің барлық елінде, соның ішінде экономикасы дамыған елдерде де сондай жағдай", - деді ол. 

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2020 жылға қарай әлемде онкология ауруларының жаңа жағдайларының қатары 20,6 миллионға жетеді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети