08 қыркүйек 2021 09:44

Әлем коронавирус жұқтыру шыңынан өтті - ДДСҰ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшысы Мария ван Керкховтың айтуынша, әлем коронавирус инфекциясының ауыр кезеңінен өтті, бірақ COVID-19 таралуына қатысты жағдай әлі де алаңдатып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйым сайтына сілтеме жасап.

ДДСҰ коронавирустың әлі де үлкен күш-қуаты мен әлеуеті бар екенін атап өтті. Керкховтың сөзінше, вирус жұқтыру саны азайғанымен, апта сайын шамамен 4,5 миллион жаңа жағдай тіркеледі, ал өлім саны аптасына 68 мыңға жетеді.

"Біз бүкіл әлемдегі жағдайларға қатысты вирус жұқтыру шыңынан өттік (ауру шыңынан кейінгі кезең - авт.), бірақ бұл өте жоғары деңгейде тұр. Апта сайын 4,4-4,5 миллион жағдай анықталады және бұл нақты жағдайлардың санынан аз", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ДДСҰ өкілі "әр аймақта жағдай әртүрлі" екенін айтты. Мысалы, Солтүстік және Оңтүстік Америкада COVID-19 жұқтыру мен өлім саны өскені байқалады, ал Еуропада жаңа жағдайлар азайса да, өлім деңгейі төмендемей жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети