20 қаңтар 2014 14:04

Алманың жүрек ауруына пайдалы екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

сурет tengrinews.kz сайтынан алынды сурет tengrinews.kz сайтынан алынды

"Алма жемісін үнемі пайдалану жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алатынын және оның тиімділігі медициналық дәрі-дірмектерден кем болмайтыны туралы британдық медициналық журналы жария етті" деп жазады Tengrinews.kz "Интерфакс-Казахстан" ақпараттық құралына сілтеме жасап Оксфорд университетінің зерттеуші ғалымдары ұзақ уақытқы тәжірибе барысында Британияда ХІХ ғасырда пайда болған "Түнде жеген бір алма, дәріні қалдырады жолда" деген мақалдың дәл айтылғанын дәлелдеді. Ғалымдар жүрек талмасымен ауырған, қатерлі топқа жататын тәжірибеге қатысушы науқастың біріне статин дәрісін беріп, қалған қатысушыларға үзбей алма жегізіп отырған. Тәжірибе жүрек-қан тамырлары ауруының асқынуын ауыздықтауда статин дәрісін ішіп жүрген науқас пен үнемі алма жеп отырған науқастарда бірдей оң нәтиже көрсеткен. Ғалымдардың пайымдауынша, алмадан басқа жемістердің де әртүрлі аурулардың алдын алуда пайдасы зор. Яғни, дұрыс тамақтану – адам денсаулығының кепілі. Сондай-ақ, мамандар денсаулыққа пайдасы мол болу үшін күніне бес түрлі жеміс жеуге кеңес береді

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети