11 қаңтар 2015 16:39

Астанада бір аптаның ішінде 659 адам ЖРВИ жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©astana.gov.kz ©astana.gov.kz

Астанада бір аптаның ішінде 659 адам жедел респираторлық вирустық инфекцияға ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Эпидемиологтардың айтуынша, қаңтардың үшінші аптасынан бастап ауырғандардың саны одан әрі көбейеді. Мамандар әсіресе қаңтардың соңы мен ақпан айының басында аса сақ болуға кеңес береді.

Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің хабарлауынша, қаңтардың 1-7 аралығында Астана қаласы бойынша жедел респираторлық вирустық инфекциямен ауырған 659 адам тіркеліпті, оның сегізі тұмауға шалдыққан. Бірақ департамент мәліметтері бойынша, жалпы қаладағы жағдай тұрақты және өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 1,1 есеге төмендеген.

Ауырғандардың 77 пайызы 14 жасқа, ал олардың 25 пайызы 1 жасқа дейінгі балалар. Сонымен қатар, жүкті әйелдер арасында да инфекцияны жұқтырғандар аз емес, жалпы ауырғандардың 1,6 пайызы - болашақ аналар.

Айта кетейік, күн сайын мониторинг жүргізетін мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мамандары эпидемия кезінде санитарлық сауықтыру шараларын қолдану керектігін мәлімдеді. Айтуларынша, оны әсіресе жүкті әйелдерге, 60 жастан асқан адамдарға, созылмалы өкпе, жүрек-қантамырлары аурулары, иммундық жетіспеушілігі бар, әлсіз ересектер мен балаларға және жиі ауыратын балаларға қолдану керек.

Еске сала кетейік, 2014 жылы 22 желтоқсанда Атырау мен Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында тұмаудың А және В вирусы таралғаны анықталған болатын. Қазан айынан бері Қазақстанда 191 540 адам тұмаумен ауырғаны желтоқсанда хабарланды. Биыл республика бойынша тұмауға қарсы 1 633 423 адам егілді, бұл - Қазақстан халқының 9,4 пайызы, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 446 028 бала мен 1 187 395 ересек тұрғын бар.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети