12 маусым 2014 18:17

Астаналықтар емханаға тіркелгені туралы ақпаратты онлайн режимде ала алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz иллюстрациясы © Тengrinews.kz иллюстрациясы

Астаналықтар емханаға тіркелгені туралы ақпаратты онлайн режимде ала алады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астаналықтар емханаға тіркелгені туралы ақпаратты онлайн режимде ала алады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта Интернет арқылы азаматтарға қызмет көрсету мүмкіндігі артты. Осындай соңғы жаңашылдықтардың бірі емханаға тіркелу тәртібі. Енді кезекте тұрудың қажеттілігі жоқ. Емханаға тіркелу туралы ақпаратты Астана қаласының "электронды әкімдігінің" service.astana.kz порталынан алуға болады" - делінген аталмыш хабарламада.

Емханаға тіркелгені туралы ақпарат алу үшін немесе тіркелген учаскенің мекенжайы мен нөмірін табу, сонымен қатар, учаскелік дәрігер жайлы мәліметтерді ЖСН немесе аты-жөнін, тегін, туған жылын көрсетіп білуге болады. Ақпараттағы сәйкессіздікті немесе жоқтығын анықтаған жағдайда Астана тұрғыны "электрондық үкімет" egov.kz порталында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелуге электрондық өтінімді бере алады, не болмаса тұрғылықты жері бойынша емханаға баруға болады.

Қосымша кеңес алу үшін Астана қаласының байланыс орталығына +7(7172) 55-66-55 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети