02 желтоқсан 2020 09:17

Биолог коронавирустың адам күтпеген салдары барын анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова коронавирустың адам күтпеген салдары барын анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова коронавирустың адам күтпеген салдары барын анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, қараша айында коронавируспен ауырып шыққан адамдарға жүргізілген зерттеудің нәтижелері белгілі болды.

"Бұл науқастардың барлығы амбулаториялық ем алды. Кейбірі ғана ауруханаға жатқызылды. Олардың 70 пайызында ішкі ағзалардың патологиясы байқалды. Науқастардың көбінің бауыры мен ұйқы безі қызметінің бұзылғаны анықталған. Әдетте мұндай диагноздар 60 жастағы адамдарға қойылады, бірақ бұл жолы коронавируспен ауырып шыққан 40 жастағы адамдарға осындай диагноз қойылды", - дейді профессор.

Осылайша, Баранова коронавируспен ауырып шыққандар ерте қартаяды деген пікірге келді.

Коронавирустың адам организміне қалай әсер ететіні белгілі болды

Сарапшының айтуынша, мұндай зерттеулер көбірек жүргізіліп, коронавирус инфекциясының салдары толығырақ зерттелуі керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети