25 маусым 2020 09:20

Коронавирустың адам организміне қалай әсер ететіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Коронавирус жұқтырған орта жастағы адамдар (40-50 жас) инфекцияның салдарынан өмір бойы зардап шегуі мүмкін. Мұндай шешімге Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің мамандары келген, - деп хабарлайды The Telegraph.


Коронавирус жұқтырған орта жастағы адамдар (40-50 жас) инфекцияның салдарынан өмір бойы зардап шегуі мүмкін. Мұндай шешімге Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің мамандары келген, - деп хабарлайды The Telegraph.

Ғалымдардың айтуынша, кейбір науқастарда өкпенің зақымдануы, шаршау және психологиялық зақым өмір бойы қалуы мүмкін.

Елдің Денсаулық сақтау қызметі ауырғандардың 30 пайызында өкпе фиброзы, сондай-ақ өмір бойы дене, психикалық және когнитивтік бұзылулар болатынын айтады. Сандырақ бұзылудан коронавирустан емделгендердің 70 пайызы зардап шегуі мүмкін. Ұлыбританиялықтардың 10 пайызында ауруханадан шығар кезде жүректің қатты зақымдануы анықталған. 

Сондай-ақ, зерттеу авторлары коронавирусты жұқтырған науқастарда болашақта Альцгеймер ауруының даму қаупі жоғары екенін айтады. Профессор Питер Опеншоудың сөзінше, қарқынды терапиядан өткен науқастарға орташа есеппен толық қалпына келуі үшін бір жыл қажет болады. Алайда, олардың бір бөлігі ешқашан толыққанды өмірге оралмауы мүмкін.

24 маусымдағы мәлімет бойынша, Ұлыбританияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны - 43 081, жалпы 306 862 адам инфекция жұқтырған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети